(Аймақтар үшін)193
(Алматы қ. үшін) 2 581 500
Call-орталыққа тегін хабарласыңыздар

«Galam TV» интернет-телевизиясы

«Galam TV» интернет-телевизиясы.

2014 жылғы 2 шілдеде Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасының Телерадио хабар тарату саласы басшыларының қатысуымен Астана қ. Индустриялық форум шеңберінде «Қазтелерадио» АҚ-дан жаңа Қазақстандық интернет – телевизия «Galam TV» жобасы ресми түрде іске қосылды. Аталған жобаны іске асыру ұлттық телерадио хабар таратуды дамытудың логикалық жалғасы болды. Енді, қазақстандық телеарналар тек OTAU TV ұлттық жерсеріктік желіде және цифрлық эфирлік желіде ғана емес, сонымен қатар Интернет желісінде де ақысыз қол жетімді.

Интернет-телевидение «GALAM TV»тұтынушыларға отандық және шетелдік фильмдердің кең топтамасын – кез-келген уақытта және кез-келген жерде телеарналардан SD және HD форматтарында онлайн түрінде көруді ұсынады.

Көру әртүрлі құрылғыларда (планшет, Smartphone, SmartTV), сондай-ақ www.galamtv.kz сайтында қолжетімді. Өзінің сүйікті бағдарламасын өткізіп алғандар үшін – мұрағаттан телебағдарламаларды көруді кейінге қалдыру функциясы қарастырылған. Қызмет шетелде тұратын 5 млн. қазақ диаспорасының өкілдері, сондай-ақ біздің елімізден тыс елдерде оқитын қазақстандық студенттер, журналистер және бизнесмендер үшін ерекше өзекті болуы мүмкін, өйткені Қазақстанның қоғамдық – саяси және мәдени өмірінің оқиғаларынан тұрақты хабардар болуға мүмкіндік береді. «Galam TV» қызметі арқылы қазақстандық телеарналарды көру ақысыз да, жазылу шарттарында да ұсынылады.

Нақты ақпаратпен www.otautv.kz сайтынан танысуыңызға болады.