(Аймақтар үшін)193
(Алматы қ. үшін) 2 581 500
Call-орталыққа тегін хабарласыңыздар
​«Қазтелерадио» АҚ басшылығы мен ұжымы Қайрат Шаймарданұлы Баиркеновтың мезгілсіз өмірден өтуіне байланысты қайғыра көңіл айтады
2021-09-07

2021 жылдың 06 қыркүйегінде байланыс саласының еңбек сіңірген жұмыскері, жоғары білікті маман, өз ісінің нағыз шебері, «Қазтелерадио» АҚ филиалы «Ұлттық жерсеріктік телерадиохабарларын тарату дирекциясының» директоры Қайрат Шаймарданұлы Баиркенов өмірден өтті.

Телерадио хабарларын тарату жүйесінде 35 жылдан астам жұмыс істеген Қайрат Шаймарданұлы Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамыту мен жетілдіруге лайықты әрі салмақты үлес қосты. Оның жетістіктері кеңінен танымал және ең жоғары бағаға лайық болды, байланыс саласын дамытудағы ерен еңбегі мен зор жетістіктері үшін құрмет наградаларымен және төсбелгілермен марапатталды. Қайрат Шаймарданұлы жұмыста жеткен жетістіктері, жоғары кәсібилігі және саланың дамуына қосқан үлесі үшін «Үздік байланысшы» атағына ие болды, «Халық алғысы» төсбелгісімен марапатталды.

Қайрат Шаймарданұлы бүкіл өмірін байланыс саласына арнады, кәсіби байланысшылардың бірнеше буынын тәрбиелеп шығарды. Басшылық лауазымдарды атқара отырып, ол әрдайым әріптестеріне үлгі және жастарға шыдамды тәлімгер бола білді.

«Қазтелерадио» АҚ басшылығы мен ұжымы Қайрат Шаймарданұлының мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, оның барлық туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Қайрат ШаймарданұлыБаиркеновтің есімі туыстары мен жақындарының, әріптестері мен достарының жүрегінде мәңгі сақталады.

< Кері қайту