(Для регионов)193
(Для г. Алматы) 2 581 500
Звоните в CALL-CENTER бесплатно!
«Қазтелерадио» АҚ қазақстандық «Kazsat-3» жерсерігіне көшу бойынша тестілеу жұмыстарын аяқтады
2016-03-01

Алматы, 2016 жылдың 1 наурызы
Цифрлық және жерсеріктік телевизиясының Ұлттық операторы «Қазтелерадио» АҚ ел халқына жаңа сапалы телевизия ұсынады. Бұл жаңа казахстандық Kazsat-3 жерсерігіне көшу нәтижесінде мүмкін болып отыр. Сигнал сапасын анықтау бойынша тестілеу жұмыстары 2016 жылдың ақпан айында аяқталды.
- «Otau TV» жерсеріктік телехабар тарату желісі абоненттерін отандық Kazsat-3 жерсерігіне көшіру 2016 жылдың 15 наурызында басталады. Бұған дейін жерсеріктік «Otau TV» телехабар таралымы шетелдік жерсеріктен жүзеге асырылып келген, енді ол жұмысын 2016 жылы аяқтайды.
Казахстандық жерсерікті таңдауға экономикалық факторлар себеп болған, өйткені казахстандық жерсерікті таңдай отырып біз отандық экономиканың дамуына сеп боламыз. «Қазақстандық өнімді таңда!» немесе «Қазақстанда жасалған» – жай ғана патриоттық ұран емес, әрбір қазақстандықтың өз болашағына, өскелең ұрпақтың келешегіне қосқан үлесі деп білеміз, – дейді «Қазтелерадио» АҚ өкілдері.
Қазақстандық Kazsat-3 жерсерігіне көшу көрермендерге қосымша SD арналар көруге мүмкіндік береді, сондай-ақ ақылы арналар топтамасына қосылған пайдаланушылар HD арналарды тамашалай алады.

- Бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінен 1 миллионнан астам үй шарушылығы «Otau TV» желісіне қосылған, ал бұл 4 миллионан астам қазақстандық үшін телеарналар мен радиостансаларды тыңдайтын ақпарат көзі – «OTAU TV» жерсеріктік телерадиохабар тарату желісі деген сөз. Бір жерсеріктен екіншісіне көшу үрдісі пайдаланушыларымыз үшін барынша аурытпалықсыз өтуі тиіс, яғни Kazsat-3 жерсерігінен хабар таратудың техникалық талаптарына сәйкес, абоненттерге қондырғыны қайта теңшелімдеуге уақыт жеткілікті болуы керек. Осыған байланысты біздің абоненттерді жерсерікке көшіру кезеңі 2016 жылдың наурызы мен қыркүйек айы аралығында деп белгіленген. Әрі хабар тарату екі жерсеріктен де жүзеге асырылады. Алайда бұл шараның – көшу кезінде тұтынушыларымыздың қазақстандық телевизиядан қағылып қалмауы үшін қолданылып отырғанын абоненттердің түсінгені абзал, – дейді «Қазтелерадио» АҚ Бас коммерциялық директоры Бахтияр Ошурбаев.
KazSat- ұлттық жүйесі қазақстандық байланыс операторларының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жасалған. Сондай-ақ жүйе еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін нығайтып, мемлекеттік органдарды тәуелсіз байланыс арналарымен қатмамасыз етеді.
- KazSat-3 жерсерігінде жиіліктің Ku-диапазонындағы 28 транспондер орнатылған, олар Қазақстан аумағын байланыс қызметімен қамтамасыз етеді. «OTAU TV» қондырғысын күйге келтірген кезде 58,5 градусқа жаңа геостационарлық позиция тіркелуі керек. KazSat-3 ғарыш аппаратына барынша нақты теңшелімдеу арқылы сигналдың ең жоғарғы деңгейіне қол жеткізу керек. Сонда ғана «OTAU TV» желісін сапалы, үзіліссіз қолдануға мүмкіндік болады. Тағы бір айта кетерлік жәйт, қондырғыны теңшелімдеу кезінде: әрбір аймақ үшін антеннаның көлемі, МШУ әмбебаптығы секілді факторларды қаперде ұстаған жөн. Тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін біз үйрететін материалдар дайындап қойдық. Оларды компания сайттары мен ғаламтор желісінде табуға болады. Сонымен қатар абоненттер қондырғыны кәсіби түрде қайта теңшелімдету үшін дилерлерге хабарласа алады, – деді «Қазтелерадио» АҚ Бас техникалық директоры Айдын Бәжекеев.

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА:
«Қазтелерадио» акционерлік қоғамы – халықты эфирлік және жерсеріктік желілер арқылы телевизия және радиохабар тарылымын таратуды қамтамасыз ететін Қазақстан республикасының телерадиохабар тарату Ұлттық операторы.

< Кері қайту