(Для регионов)193
(Для г. Алматы) 2 581 500
Звоните в CALL-CENTER бесплатно!
«OTAU TV» ғажайыптар әлемі» балалар суреті республикалық байқау
2016-05-20

Құрметті достар!

Оқу жылының аяқталуы және Балаларды қорғау күні қарсаңында «Қазтелерадио» АҚ «OTAU TV» ғажайыптар әлемі» балалар суреті республикалық байқауы өтетінін жариялайды. 2016 жылдың 20-сы мен 30 мамыр аралығында байқаудың ресми парақшасына http:otautv.kz/strana-chudes-otau жүктеу қажет, немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша OTAU TV жергілікті филиалына жөнелту керек. Байқауға 5 пен 14 жас аралығындағы барлық бала қатыса алады. Байқау: Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орындар, «Көрермендер көзайымы» және «Ең кішкентай суретші» номинациялары бойынша 4 жас категорияларында өтеді. Байқау жеңімпаздары дипломдар және құнды сыйлықтармен марапатталады. Байқау комиссиясы іріктеп алған 12 үздік туынды «Қазтелерадио» АҚ 2017 жылғы күнтізбесін жасауда қолданылатын болады.

Байқаудың ресми беті http:otautv.kz/strana-chudes-otau

Байқау ережесін мына жерден көріңіздер.

< Кері қайту