(Для регионов)193
(Для г. Алматы) 2 581 500
Звоните в CALL-CENTER бесплатно!
«OTAU TV – ғажайыптар елі» балалар суретінің байқау қорытындысы шығарылды.
2016-07-01

«OTAU TV – ғажайыптар елі» балалар суретінің байқау қорытындысы шығарылды.
Үздік жұмыстарды анықтау барысында қазылар алқасы келесі өлшемдерді басшылыққа алды:
суреттің мазмұндылығын және байқаудың тақырыбына сәйкестілігін;
идеяның түпнұсқалығын;
шығармашылық ойды;
жұмыстардың көркемдік деңгейін;
шығармашылық деңгейдің автордың жасына сәйкестілігін.

Байқауға қатысу үшін барлығы 144 жұмыс қабылданды. Алайда, 77 жұмыс байқаудың тақырыбына сәйкес келмеді және сол себептен OTAU TV сайтында және Байқаудың ресми парақшасында жарияланғандай, Байқаудың ережелеріне сәйкес қарастырылмады.
Біз барлық ата – аналарды және балаларды біздің байқауға танытқан қызығушылығы мен қатысқаны үшін алғыс білдіреміз.

Байқаудың нәтижелері:
Гран-при:
Манторова Анастасия 16 жас, Солтүстік Қазақстан облысы, «Отбасылық үлгідегі балалар ауылы» КММ;

Көрермендер көзайымы жүлдесі:
Арина Аубакирова9 жас, Павлодар қаласынан және Хван Санди 11 жас, Алматыдан;

«Ең кішкентай суретші» номинациясында:
Дамир Досов 5 жас, Алматы; қ.


Жас санаты 5-6 жас:
1 орын - Рымбаева Мадина 5 жас, Қарағанды қ.;
2 орын - 5-6 жас –Едиге Арсен, Қызылорда қ.;
3 орын - 5-6 жас –Никита 5 жас, Рудный қ.;

Жас санаты 7-9 жас:
1 орын - 7-9 жас –Жуконев Руслан 8 жас, Өскемен қ.;
2 орын - 7-9 жас –Рымбаева Айзада 9 жас, Қарағанды қ.;
3 орын - 7-9 жас –Стекольникова Ева 8 жас, Алматы қ.;

Жас санаты 10-12 жас:
1 орын –Адина 11 жас, Алматы қ.;
2 орын – Кабдолдаева Тогжан 12 жас, Алматы обл.
3 орын –Умбетова Диана 12 жас, Ақтөбе қ.;

Жас санаты 13-14 жас:

1 орын –Индира 13 жас, Ақмола облысы;
2 орын – Бикенов Дамир 13 жас, Солтүстік Қазақстан облысы, «Отбасылық үлгідегі балалар ауылы» КММ;
3 орын –Жакупов Алишер 13 жас, Өскемен қ.;

Жеңімпаз – балалар дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталады:


Гран-при – OTAU TV жерсеріктік хабар тарату жабдығы және планшет;
Бірінші орын – OTAU TV жерсеріктік хабар тарату жабдығы және планшет;
Екінші орын – 10 000 теңге сомасына ойыншықтар дүкеніне сыйлық сертификаты;
Үшінші орын – «Суретшінің жиынтығы» (Футболка, сөмке - папка, альбом, түсті қарындаштар, фломастерлер, магниттер, пластилин, қалам, ойыншық - драже);
«Көрермендер көзайымы жүлдесі» номинациясы - 10 000 теңге сомасына ойыншықтар дүкеніне сыйлық сертификаты және «Суретшінің жиынтығы» (Футболка, сөмке - папка, альбом, түсті қарындаштар, фломастерлер, магниттер, пластилин, қалам, ойыншық - драже);
«Ең кішкентай суретші» номинациясы - 10 000 теңге сомасына ойыншықтар дүкеніне сыйлық сертификаты.
Балалар үшін жүлделер мен сертификаттар 15.06.2016 жылға дейін тұрғылықты мекен-жайы бойынша OTAU TV облыстық филиалдарына жіберіледі, жеңімпаздар оларды сол жерден алуларына болады. Жеңімпаздарға жүлделерді жеткізу туралы өңірлік филиалдардың қызметкерлері хабарлайды.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Сіздерді біздің байқауларымыздың белсенді қатысушылары ретінде көруге қуанамыз!

OTAU TV облыстық филиалдарының мекен-жайлары

Байқаудың ережесі туралы оқу >>

Суреттерді қарау

< Кері қайту