(Для регионов)193
(Для г. Алматы) 2 581 500
Звоните в CALL-CENTER бесплатно!
Астана күнi мерекесі құтты болсын!
2016-07-05

Құрметті қазақстандықтар!

Сiздердi мемлекеттiк мереке – Қазақстан Республикасының Елордасы - Астана күнiмен шын жүректен құттықтаймыз!
Барлық қазақстандықтар үшiн бұл айтулы, ерекше мазмұнға толы мереке.
Мемлекетiмiздiң басты қаласы Астана - елiмiздiң жаңару нышаны, жаңа Қазақстанның саяси атауы және барлық қазақстандықтардың мақтанышы. Президентiмiздiң үмiтiн ақтаған Астана - Отанымыздың жүрегi, тәуелсiздiктiң тiрегi.
Еркіндік пен азаттыққа қол жеткізген Тәуелсіз елдің ұлы істерінің бірі – Еуразияның жүрегінен еліміздің Астанасы салынып, Ақордамыз тігілді. Жастарымызды болашаққа бастайтын арман қаламыз - өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасына айналды.
Астана бүгінгі күні бүкіл қазақстандықтарды ортақ құндылықтар – жасампаз еңбек, татулық пен келісім, халық бірлігі, Отан үшін мақтаныш, оның ұлы тағдырына қатыстылық біріктіреді.
Астана күні мерекесінде сіздердің баршаларыңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, барлық бастамаларыңызға толағай табыс, бейбiтшiлiк, жаңа Қазақстан құрылысының негiзiнде татулық, жақсылық пен өзара түсiнiстiк тiлеймiз.

Ізгі ниетпен,
OTAU TV

< Кері қайту