(Для регионов)193
(Для г. Алматы) 2 581 500
Звоните в CALL-CENTER бесплатно!
Жерсеріктік желідегі «Толық» ақылы арналар топтамасына абоненттерді қосу ұтысының екінші аралық нәтижесі
2016-04-30

«OTAU TV»-ден саяхат

Екінші ұтыс ойынының басты сыйлығы - Гоа аралына екі адамға жолдаманы Шығыс Қазақстан облысы Ақсу елді мекенінің тұрғыны – Рапеков Әділет Әмірғалиұлы ұтып алса, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауылының тұрғыны Ахметов Орман Айтмағанбетұлы қысқа толқынды пешті қанжығасына байлады, Қостанай облысы Боровское ауылының тумасы Асеева Любовь Федоровнаға үтік бұйырды.
Үшінші ұтыс ойыны 2016 жылы шілде айының басында ойналып, жолы болғыш абоненттер iPhone 6, тоңазытқыш және суперсыйлық – автокөлік сияқты құнды сыйлықтарға ие болады.
Акцияға қатысу үшін абоненттерге «Толық» ақылы арналар топтамасына 3 айдан 12 айға дейінгі мерзімге қосылуы керек.
Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың 1 қыркүйегінде басталған аталмыш Акцияның бірінші аралық ұтыс ойынының нәтижесі бойынша, Дмитрий Мерц Smart TV теледидарын,Серік Марденов электр шәйнегін, Абзал Балжігітов блендер ұтып алған болатын.
Сыйлықтар ұтысы «Random» кездейсоқ сандар генератороның көмегімен жүргізіледі.
Біз барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, жеңімпаздарды құттықтаймыз!
«Толық» ақылы арналар топтамасына 3 айдан 12 ай мерзімге дейін қосылып, құнды сыйлықтар ұтып алыңыздар. Іске сәт!
Акция 2016 жылдың 1 қазанына дейін жүреді, аралық нәтиже әрбір үш ай сайын шығарылады.
Акция туралы толық ақпаратты http://otautv.kz/s2/f/196 сайтынан таба аласыздар.

< Кері қайту