(Для регионов)193
(Для г. Алматы) 2 581 500
Звоните в CALL-CENTER бесплатно!
OTAU TV жерсеріктік телевизиясының «Толық» арналар топтамасына қосылу акциясы бойынша бас жүлде – автокөлік ұтыс ойынының жеңімпаздары анықталды!
2016-10-03

2016 жылғы 30 қыркүйекте жерсеріктік OTAU TV телевизиясыабоненттеріне арналған кезекті акция аяқталды. Акция шарттарына сәйкес"Толық" арналарының топтамасына 3 айдан 12 айға дейін мерзімге қосылу қажет болатын. "Толық" арналар топтамасына қосылған абоненттер тізімінің ішінен кездейсоқ сандар генераторы "Random" арқылыбірінші орын және бас жүлде – АВТОКӨЛІКиегері және жеңімпаз болып Алматы облысы, Алакөл ауданы, Жумахан Балапанов ауылының тұрғыны Садвакасова Жанар Асылбековна анықталды.

Осыған орай, 2016 жылғы 7 қазан күні, сағат 15:00-де Алматы қ., әл-Фараби даңғ., 118, мекенжайы бойынша «Қазтелерадио» АҚ кеңсесінде жеңімпаздарды ресми марапаттау рәсімі өткізіледі.

Бұл ұтыс ойыны 2015 жылғы 1 қазаннан бастау алған бірқатар ұтыс ойындары акциясының қорытындысы. Бұрын ұтыс ойынының екі кезеңі өткізілген болатын: бірінші аралық ұтыс ойыны жеңімпазына Smart TV теледидары табысталды, ал екінші аралық ұтыс ойыны жеңімпазы Гоа аралына екі адамға арналған сапарды ұтып алған болатын.

І және ІІаралық ұтыс ойындарының жеңімпаздары туралы ақпаратwww.otautv.kzресми сайтында, сондай-ақ ресми парақшалар мен Facebook, ВКонтакте, Instagram әлеуметтік желілерінде орналастырылы.

«Бүгінгі күні, OTAU TV жерсеріктік телевизиясын пайдаланушы абоненттер саны 1 миллионнан асты, бұл 4 миллионнан астам отандастарымыз болып табылады. Цифрлық DVB-S2 MPEG-4 форматында хабар тарататын «OTAU TV» телерадио хабарларын таратудың ұлттық жерсеріктік желісі еліміздің 100 пайыз аумағын қамтиды, сонымен тұрғындардың ақпараттық ресурстарға тең құқылы кепілдендірілген қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Біз, өз тарапымыздан, OTAU-TV-ны қараған кезде көрермендерінің әрқашан да телерадиоарналарды тізімінің әр алуан болуы үшін тұрақты түрде мазмұн сапасын арттыру мен жақсартубойынша жұмыс атқарамыз. Сонымен қатар, біз әлеуетті және тіркелген абоненттерге үнемі акциялар, викториналар мен ұтыс ойындарын өткіземіз. Мысалы, бүгінгі аяқталған АВТОКӨЛІК ұтыс ойыны акциясы секілді. Бұл акция ағымдағы жылдың соңына дйін соңғы емес, сондықтан жаңалықтарды қадағалаңыз, біз абоненттерімізді әлі де қуантатын боламыз – деп мәлімдеді «Қазтелерадио» АҚ Коммерциялық директорыЕвгений Галкин.

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА:

«Қазтелерадио» акционерлік қоғамы – телерадио хабарларын тарату саласында халықты эфирлік және жерсеріктік желілер арқылы телевизия және радиохабар бағдарламаларын қабылдауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық операторы. Цифрлық телехабар тарату желісін енгізу бойынша мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында, 2011 жылы қаңтар айында Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен Ұлттық жерсеріктік «OTAU TV» хабар тарату жобасы іске қосылған болатын.

«OTAU TV» Ұлттық жерсеріктік телерадио хабарларын тарату желісі Қазақстанның кез келген жерінде отандық50 теле радиоарнаға тегін қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, рейтингі жоғары танымал шетелдік телеарналардан тұратын ақылы топтамаға қолжетімді бағаға қосылуға болады.

< Кері қайту