(Для регионов)193
(Для г. Алматы) 2 581 500
Звоните в CALL-CENTER бесплатно!
OTAU TV «Алақандағы қала» атты бірегей жаңажылдық акциясын ұсынады.
2016-12-07

OTAU TV абоненттерінде отандық телерадио хабарларын тарататудың жүрегі, аты аңызға айналған Көк-төбе телемұнарасына саяхаттап, теледидар экрандарына сурет және дыбыстың қалай берілетінін өз көздерімен көру мүмкіндігі беріледі.


«Қазтелерадио» АҚ OTAU TV бренді «Алақандағы қала» атты бірегей жаңажылдық акциясын іске қосып, акция аясында абоненттер Алматының ең биік ғимараты Көк-төбе телемұнарасына бару мүмкіндігіне ие болады, - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

«Дәстүр бойынша әр Жаңа жыл қарсаңында, адамдар достары мен туыстарына ерекше сыйлықтар сыйлауды ойластырады. Біз көп ойланып, абоненттерімізді Жаңа жыл қарсаңында қандай қызықты сыйлықпен таң қалдырып, алдағы жылға жақсы эмоцияларға толы көңіл-күй сыйласақ деген мақсатпен, қызықты сыйлық – телевизиялық сигнал тарататын Алматының ең биік ғимараттардың біріне саяхат ұйымдастру туралы шешім қабылдадық. Сонымен қатар, Көк-төбе телемұнарасы – кіруге тыйым салынған режимдік нысан, ал біз абоненттерімізге отандық телерадио хабарларын тарататудың жүрегіне саяхаттап, цифрлық және аналогтық сигналдардың қазақстандықтардың теледидар экрандарына қалай берілетінін көруге бірегей мүмкіндік береді - дейді «Қазтелерадио» АҚ маркетинг және жарнама департаментінің директоры Антонида Захарова.

Сондай-ақ, компания атап өткендей, акция жеңімпаздарын Көк-төбе телемұнарасына саяхатпен қатар, алматы қаласы мейрамханаларының бірінде екі адамға арналған романтикалық кешкі ас, қазақстандықтар жаңа жыл түнінде теледидар экранынан құттықтаумүмкіндігі және басқа да көптеген бағалы сыйлықтар күтуде. Акция 7-нен 25-ші желтоқсанға дейін өткізіледі, акция туралы толық ақпаратты оператордың сайтынан, ресми әлеуметтік желі парақшаларынан, call-орталыққа 193 және +7 (727) 2581500 телефондарына хабарласу арқылы немесе өңірлік абоненттік байланыс орталықтарынан білуіңізге болады.

Анықтама: «Көк-төбе» телемұнарасы – 1975 және 1983 жылдар аралығында салынған Алматыдағы телевизиялық және радио хабарын тарату мұнарасы. 1984 жылдың 1 маусымында пайдалануға берілген мұнара әлемдегі телемұнаралар арасында биіктігі жағынан 14-ші орында тұр. Ол қала орталығынан оңтүстік-шығысқа қарай, Көк-төбе тауы шыңынан төменіректе орналасқан. Мұнараның биіктігі: 371,5 м. Антенналар үшін діңгек биіктігі: 114 м. Мұнараның биіктігі теңіз деңгейінен: 1452 м (Кок-тобе тауымен бірге). Құрылыстың салмағы: 7 мың тонна. Сейсмикалық төзімділігін: 10 балл. Көк-Төбе тауында сәтті орналасуының арқасында, Алматыдан 100 шақырым қашық жерге тұрақты телевизиялық сигнал беруге мүмкіндік бар. Бүгінгі күні мұнара Алматы маңындағы 200 елді мекенге цифрлық және аналогтық сигнал таратуда.

< Кері қайту