(Для регионов)193
(Для г. Алматы) 2 581 500
Звоните в CALL-CENTER бесплатно!
«Ел Арна» телеарнасы қазақстандық телекөрермендер үшін жаңа форматта жұмыс істеуін бастады
2017-03-28

«Ел Арна» телеарнасы қазақстандық телекөрермендер үшін жаңа форматта жұмыс істеуін бастады

2017 жылы 27 наурызда Астана уақыты бойынша 18.00 бастап «OTAUTV» жерсеріктік телевизиясы, цифрлық эфирлік хабар тарату және интернет теледидар - «GalamTV» желілерінде «Ел Арна» телеарнасы хабар таратуын бастады. Арнаның жаңартылған тұжырымдамасы - бұл кең көрермен аудиториясына отандық кинематографистердің көркем және деректі жұмыстарын жеткізу мүмкіндігі.

- Біз «OTAUTV» жерсеріктік телевизиясының 1 миллионнан астам үй шаруашығы абоненттеріне өте қызықты және танымдық контентпен жаңа қазақстандық телеарнаның қолжетімді болғанына қуаныштымыз. «Ел арнада» телеарнасы сондай-ақ Астана, Алматы қалалары мен көптеген облыс орталықтарында цифрлық эфирлік телевизия желісінде қол жетімді. Интернет телевизиясы GalamTV желісінде арнаның хабар таратуының ашылуы ұялы байланыс пайдаланушылары үшін қазақстандық контентті тамашалауға мүмкіндік береді. Біздің ойымызша осы жаңа қазақстандық телеарнаның іске қосылуы халықтың жаңа танымал контентке, отандық көркем және деректі фильмдерге, сериалдарға қол жеткізуіне айтарлықтай мүмкіндік туғызады - деп «Қазтелерадио» АҚ-ның Коммерциялық директоры Евгений Галкин атап өтті.

< Кері қайту