(Для регионов)193
(Для г. Алматы) 2 581 500
Звоните в CALL-CENTER бесплатно!
​Аналогтық және цифрлық эфирлік хабар тарату желлерінде профилактикалық жұмыстар жүргізіледі
2017-04-24

24 сәуір - 5 мамыр аралығында (демалыс және мереке күндерін қоспағанда) сағат 9:00-19:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) Радио телехабар таратудың Атырау облыстық «Мақат» радиотелевизиялық станциясында күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілетіндігіне байланысты аналогтық және цифрлық эфирлік хабар тарату желілерінде «Қазақстан», «Хабар», «Хабар-24», «Евразия», «Қазақ радиосы», «Шалқар» теле, радио арналарының хабар таратылуы тоқтатылады.

25 сәуірде Жамбыл облысы «Тараз» РТС-де сағат 09:00-ден 16:00-ға дейін (Астана уақыты бойынша) аналогтық хабар тарату желісіндегі «КТК», «НТК», «Хабар 24», «Қазақ радиосы», «Шалқар», «Русское радио», «Ретро FM», «Радио NS», «Дала FM», «Авторадио» теле, радио арналарының хабар таратуы тоқтатылатын болады.

Сондай-ақ, сәуірдің 21, 22, 25, 26 күндері сағат 01.00-ден 05.00 дейін (Астана уақыты бойынша) «Чумыш» (Қордай), «Шу», «Қаратау», «Жаңатас» РТС-да жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Телекөрермендер назарына, жерсеріктік OTAU TV телевизиясы және кабельдік операторлар желілерінде теле және радио арналарының хабар таратуы үздіксіз жүргізілетін болады.

< Кері қайту