(Для регионов)193
(Для г. Алматы) 2 581 500
Звоните в CALL-CENTER бесплатно!
2017 жылдың 1 шiлдесiнен бастап жаңа телеарналарының хабар таратуы туралы
2017-06-28

«Біздің Футбол» барлық футбол табынушыларына арналған спорттық арна. Бұл ең танымал спорт түрі, сондықтан көптеген қызыққа толы эфирлік трансляциялау желісі әртүрлі жастағы көптеген көрермендерді елітіп әкетеді. Эфирде ресейлік Премьер-Лига, Ресей Кубогы, сондай-ақ алғашқы дивизионның қызықты матчтары ұсынылған. Әрбір көрермен әсерлі көрністен ләззат алса, ал елдің бас комментаторлары оқиғаның есте қалар сәттерін ұтымды көрсете біледі. Біздің футболды онлайн түрінде көру отандық футбол әлемінің барлық оқиғалары мен жаңалықтарын әрқашан біліп отыруға көмегін тигізеді. Сіз футболшылардың ең керемет гол соққан сәттерін ғана емес, сонымен қатар келесі жарыстардың аңдатпаларын да алғашқы көруші болып табыласыз. Сізді атақты жаттықтырушылар мен спортшылардың танымдық сұхбаттары күтеді. Арна эфирі сайысты тікелей эфирде ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар ойынның есте қалар сәттерін де ұсына алады. Хабар тарату желісі спорттық журналистер мен кәсіби сарапшылар қатысатын эксклюзивті репортаждар мен аналитикалық хабарларға толы екенін атап өткен жөн.

«БОКС ТВ» телеарнасы 2014 жылдың тамызынан бастап хабар тарата бастады және бокс пен спорттық жекпе-жек түрлеріне бей-жай қарай алмайтын көрермендердің қызығушылығын бірден жаулап алды. Телеарнаның ең басты артықшылықтарының бірі – Golden Boy Promotions (Голден Бой Промоушенс) компаниясының «БОКС ТВ» телеарнасына эксклюзивті жағдайларда ұсынатын тікелей трансляциялардан құралған ерекше контент. Бұл – Флойд Мейвезер, Деонтей Уайлдер, Маркос Майдана, Бернард Хопкинс, Сауль Альварес, Альфредо Ангуло, Дэнни Гарсия сияқты басқа да көптеген атақты боксшылардың қатысуымен өткен елуден астам бокс кештері. Golden Boy-дың ойын-сауық шоуларын тікелей эфирде немесе өзіңізге ыңғайлы уақытта кейін де қайталап көрудің мүмкіндігі тек «БОКС ТВ»-да ғана бар! «БОКС ТВ» телеарнасының саясаты шетелдік турнирлерді таратып қана қоймай, сонымен қатар, ресей боксы мен ресейлік спортшыларды көрермендер арасында танымал ету. Телеарна эксклюзивті түрде Ресей мен бұрынғы ТМД елдерінде өтіп жататын жекелеген титулды турнирлерді трансляциялайды және өзінің жеке қайталанбас хабарларын жасауға арналған кәсіби командаға ие. Телеарнаның мұрағатында әлем чемпиондары Руслан Проводников, Сергей Ковалев, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин туралы бағдарламалармен қатар, болашақтарынан үлкен үміт күттіретін жас спортшыларды насихаттайтын хабарлар да бар.


call-center: 193, +7(727) 2 581 500; e-mail: abonent@otautv.kz



< Кері қайту