(Для регионов)193
(Для г. Алматы) 2 581 500
Звоните в CALL-CENTER бесплатно!
«Қазтелерадио» АҚ мен «TV Commerce» ЖШС-нен «OTAU TV» абоненттері-жеке тұлғаларға бірлескен хабарлама
2017-11-30

«Қазтелерадио» АҚ, жария шарт-оферта болып табылатын, «OTAU TV» жерсеріктік телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету туралы шарттың (жеке тұлғаларға арналған) (бұдан әрі – Шарт) 4.4. т. сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Шарт талаптарының өзгергені туралы, нақтырақ айтқанда, жерсеріктік телерадио хабарларын таратудың ақылы қызметтерін көрсету (бұдан әрі – Ақылы қызметтер) тоқтатылғанын хабарлайды. Оператор «Тегін» топтамасы аясындағы қызметтерді көрсетуді өзгеріссіз жалғастырады.

«Қазтелерадио» АҚ (бұдан әрі – Оператор) мен «TV Commerce» ЖШС (бұдан әрі – Компания) арасындағы Шарттың негізінде 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап «OTAU TV» абоненттері (бұдан әрі – Абонент(тер)) Абонентте бұрыннан бар жабдықтарды пайдалана отырып, Ақылы қызметтерді Компаниядан бұрынғы тарифпен ала алады. Компания 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Абоненттерге ұсынылатын телеарналар топтамасының құрамын өз бетінше анықтайды.

Оператордан Ақылы қызмет алатын Абонент 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Ақылы қызметтер алудан бас тартуға құқығы бар, ол үшін 2017 жылғы 25 желтоқсанға дейін Операторға жазбаша өтініш жіберу керек. Оператор ондай өтініш алмауы жоғарыда көрсетілген өзгерістерге байланысты төмендегілерді:

  • Абоненттің айтылған өзгерістермен келісетіндігін;
  • 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Абонент алғытөлем төлеген болса, дербес шоттағы ақшаны (алғытөлем сомасын) Оператордан Компания пайдасына беруге Абоненттің келісімін;
  • Абонентке Ақылы қызметтер көрсету мақсатында Абоненттің дербес деректерін Оператордан Компанияға беруге, Оператордан Компанияға берілген жағдайда оларды өңдеуге және пайдалануға Абоненттің келісімін;
  • Компанияның www.caspiohd.kz сайтында жарияланған Ақылы қызметтер көрсету туралы жария шарт-офертаның барлық талаптарын Абоненттің қабылдағанын білдіреді.

2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Оператордан Ақылы қызметтер алған, бірақ 2017 жылғы 25 желтоқсанға дейін Операторға Ақылы қызметтерден бас таратындығы туралы өтініш жібермеген Абоненттер дербес шотта ақшасы таусылғанша немесе 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін активтендірілген «OTAU TV» қосылу картасы бойынша Ақылы қызметтер ұсыну мерзімі аяқталғанша 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Компаниядан Ақылы қызметтер алатын болады.

2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Оператордан Ақылы қызметтер алмаған, бірақ алғысы келетін Абоненттер жеке шоттың нөмірін көрсете отырып, сол арқылы Компанияның www.caspiohd.kzсайтында жарияланған Ақылы қызметтер көрсету туралы шарт-офертаның барлық талаптарын қабылдап, бұрынғы қолданыстағы жолдармен бұрынғы тариф мөлшерінде Компанияның пайдасына қызметтерін төлемін төлеуі қажет.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Оператордың пайдасына Ақылы қызметтер үшін төлемдер қабылданбайды, төлем жүргізетін ұйымдармен шарттар бұзылады. Төлем жүйелеріндегі қызметтерді төлеуге сілтемелер атауын өзгерту біртіндеп жүргізілетіндіктен, Компанияның пайдасына қызметтер төлемін бұрынғы сілтеме - «OTAU TV» бойынша, жаңа сілтеме - «OTAU TV / CASPIO HD» арқылы да жасауға болады. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жоғарыда көрсетілген сілтемелердің кез келгені арқылы жасалған барлық төлемдерді төлем ұйымдары Оператордың емес, Компанияның есебіне аударатын болады. Қызметтерді төлегенде көрсетілуге тиісті Абоненттердің жеке шоттарының нөмірлері бұрынғы күйінде қалады.

Барлық сұрақтар бойынша:

Өңірлік сату орталықтарына,

«OTAU TV» Call-орталығына, 193, +7 (727) 2-581-500,

«TV Commerce» ЖШС Call-орталығына, 4343, +7 (727) 333-0-444 хабарласуға болады.

< Кері қайту