(Для регионов)193
(Для г. Алматы) 2 581 500
Звоните в CALL-CENTER бесплатно!
​«Қазтелерадио» АҚ-ы «TV Commerce» ЖШС-мен бірлесе отырып көрермендері үшін жаңа «OTAU+» топтамасын ұсынады
2018-04-13

«Қазтелерадио» АҚ ұлттық операторы спутниктік теледидар желісінде шетелдік телеарналарды сапалы түрде қоса отырып «OTAU +» жаңа топтамасын іске қосты.

Енді 66 тегін отандық теле- және радио арналардан басқа, көрермендер 14 шетелдік түрлі жанрдағы телеарналарға қол жеткізе алады. Топтаманың құны айына 500 теңгені құрайды.

Естеріңізге сала кетсек «OTAU TV» спутниктік телевизиясының «Тегін» топтамасында 66 отандық теле- және радио арналар (абоненттік ақысыз) SD және HD форматтарында көрсетіледі.

Ақылы топтамаға қолжетімділік алу үшін қосымша жабдықтарды орнатудың қажеті жоқ.

«Қазтелерадио» АҚ спутниктік хабар тарату желісі Қазақстан аумағының 100% қамтылуын қамтамасыз етеді, онда кез-келген елді мекеннің кез-келген тұрғыны тікелей спутниктік қабылдау қызметтерін ала алады. «ТВ-коммерция» ЖШС-мен жасалған келісім-шарт аясында «Казтелерадио» АҚ инфрақұрылымын пайдаланып шетел телеарналарын көтеру арқылы, базалық топтамадағы 66 арнаны тегін және 76 арнаның «Премиум» топтамасында ақылы түрде көрермендерге тамашалауға ұсынуға мүмкіндік жасады.

Ақпарат және коммуникациялар Министрлігінің

Баспасөз қызметі

< Кері қайту