(Для регионов)193
(Для г. Алматы) 2 581 500
Звоните в CALL-CENTER бесплатно!
​«Қазақстанда ЦЭТХТ-ға көшу – 2018 жылдың қорытындысы»
2018-12-24

Қазақстанда аналогты телехабар таратуды өшіру және цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшу бекітілген кесте бойынша жүріп жатыр. Бұл туралы «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасы Искандер Тажибеков мәлімдеді. Бүгін Қазақстандағы телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператордың басшысы 2018 жылдың қорытындысын шығарды. Өз сөзінде ол атқарылған жұмыстар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

«Өздеріңіз білетіндей 2018 жылдың қорытындысы бойынша Маңғыстау, Жамбыл және Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында 100% аналогты хабар тарату өшіріліп, ЦЭТХТ-ға көшірілді. Аталған облыстарда цифрлық эфирлік хабар таратуға сәтті көшу мақсатында 144 радиотелевизиялық станция: Маңғыстау облысында – 21, Түркістан облысы мен Шымкент қ. – 80 және Жамбыл облысында 43 станция салынды және жаңартылды. РТС-тардың бұл саны мемлекеттің 1304 елді мекенін цифрлық эфирлік хабар таратумен қамтуға мүмкіндік берді. Осы өңірлердің 99,8% -ы ЦЭТХТ-мен қамту аймағына кіретінін айта кетейін»,- деді Искандер Тажибеков.

Сондай-ақ, Искандер Тажибеков аналогты хабар тарату өшірілген үш облыста цифрлық эфирлік телехабар таратумен қамтылмаған 40 елді мекен қалғанын хабарлады. Сонымен қатар оларға сапалы телевизия қлжетімді екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл ауылдық елді мекендердің тұрғындарын ұлттық операторының «OTAU TV» жерсеріктік телевизиясына қосу бойынша жұмыстар жүргізілген.

«Бүгінгі күні үш облыста ЦЭТХТ-мен қамту аймағына кірмейтін 40 елді мекен тіркелген. Атап айтқанда, Маңғыстау облысында 14, Жамбыл облысында 6 және Түркістан облысында 20 елді мекен бар. Үш облыстан 2700-ге жуық үй шаруашылығы цифрлық эфирлік хабар тарату аймағынан тыс қалуда,олардың әрқайсысы ұлттық оператордың «OTAU TV» жерсеріктік телевизиясына қосылған»,- деп мәлімдеді Искандер Тажибеков.

«Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасының айтуынша, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларды цифрлық қабылдағыштармен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Искандер Тажибековтың мәлімдегеніндей, үш облыста ЦЭТХТ-ға көшу және аналогты хабар таратуды өшіру аясында, 40 000 жуық отбасы цифрлық қабылдағыштарды тегін алған.

«Цифрлық эфирлік хабар таратуды енгізу жөніндегі жобаны іске асыруда, облыстық және аудандық әкімдіктермен бірлесіп атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларды цифрлыққабылдағыштармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді. Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша Маңғыстау облысында 1900 қабылдағыш, Жамбыл облысында 8975 қабылдағыш, Түркістан облысында 27 509 және Шымкент қаласында 1125 қабылдағыш абоненттерге берілді», - деп атап өтті Искандер Тажибеков.

ЦЭТХТ-ға көшу жобасы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқанын естеріңізге сала кетейік. 2019 жылы Алматы, Павлодар және Қостанай облыстарында цифрлық эфирлік хабар таратуға толық көшуді жүзеге асыру жоспарлануда. Ал 2020 жылдың соңына дейін Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Қызылорда облыстарында аналогты хабар тарату өшіріледі. Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облыстары, Астана және Алматы қалалары жаңа форматқа 2021 жылыкөшеді.

< Кері қайту