(Для регионов)193
(Для г. Алматы) 2 581 500
Звоните в CALL-CENTER бесплатно!
​Теледидар арқылы сабақ өту
2020-03-31

«Балапан» және Ел-арна» республикалық телеарналарының эфирінен 2000-нан астам бейнесабақ өткізіледі. 2020 жылдың 6 сәуірінен бастап, қазақстандық оқушылар қашықтан білім алу тәртібіне көшеді. Бейнесабақтар қазақ және орыс тілдерінде 1-11 сынып аралығындағы балаларға оқу пәндері бойынша жүргізіледі. «Балапан» телеарнасында қазақ тілінде, «Ел-арна» телеарнасында орыс тілінде. Сабақ дүйсенбіден бастап жұмаға дейін өтеді. Бейнесабақ түріндегі білім беру үрдісі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары бойынша жоспар мен бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, бейнесабақтар ғаламтордың барлық пайдаланушыларына қолжетімді болуы үшін бейнехостинг жүйесі мен білім беру интернет-ресурстарына қосымша жүктелуде

< Кері қайту