(Для регионов)193
(Для г. Алматы) 2 581 500
Звоните в CALL-CENTER бесплатно!
​ Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша байқау
2020-07-29

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс жариялайды.

Конкурс Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 488 бұйрығымен бекітілген «Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі- Қағидалар) сәйкес өткізіледі.

Қағидаларға сәйкес конверттерді ашу 2020 жылғы 13 тамызда сағат 15.00-де мына мекен-жайда өтеді: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8 үй (Министрліктер үйі), 14 - кіреберіс, (745-бөлме). Конкурс қорытындысы конверт ашылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде шығарылады.

Конкурсқа қажетті құжаттар:

Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурсқа қатысуға арналған өтінім.

Үміткерлердің конкурстық ұсыныстары мынадай бөлімдерді қамтуы тиіс:

Шығармашылық ұсыныстар

Үміткер:

1) теле-, радиоарнаның хабар тарату торы (келесі айға);

2) мынадай мәліметтерді қамтитын ақпарат ұсынады:

теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты және олардың жанрлық арақатынасы (ақпараттық, аналитикалық, публицистикалық, жастар және балалар, музыкалық теле-, радиобағдарламалар және көркем, деректі фильмдер);

хабар таратудың тілдік арақатынасы, қазақ тілінде теле-, радиобағдарламаларды трансляциялау уақыты;

меншікті теле-, радиобағдарламалардың, сатып алынатын теле-, радиобағдарламалардың және ретрансляцияның арақатынасы;

хабар таратудың орташа тәуліктік уақыты;

шығармашылық және техникалық қызметкерлердің сандық мәндегі кадрлық әлеуеті.

Техникалық ұсыныстар

Үміткер ұсынады:

1) теле-, радиобағдарламалар өндірісінің стационарлық студиялық жабдығының болуы, жай-күйі және типі туралы ақпарат;

2) аппараттық-студиялық кешеннің техникалық сипаттамалары;

3) тиісті стандарттарды көрсете отырып, дыбыс пен кескінінің сапасы жоғары теле-, радиобағдарламаларды эфирге беру жөніндегі міндеттемелер;

4) студиялық кешеннің орналасқан жері, теле-, радиоарнаны телерадио хабарларын тарату операторларына беру тәсілі туралы ақпарат;

5) теле-, радиоарнаны көрсетілген тізбеге енгізген жағдайда міндетті теле-, радиоарналардың тізбесі бекітілген күннен бастап алты ай ішінде сигналды (теле-, радиоарнаны) жеткізуді және үміткердің техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторының желісіне қосуды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеме.

Заңды және қаржылық ұсыныстар

Үміткердің бұрын өткізілген ұқсас конкурстарға қатысқаны, сондай-ақ, үміткердің Тізбеге енгізілген, алынып тасталған, ауыстырылған жағдайлары туралы (алып тастау немесе ауыстыру себептері көрсетілген) ақпарат.

Төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын растайтын құжаттар, оның ішінде:

- үміткердің Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі шоттары бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы үзінді-көшірме (-лер);

- Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім берілген күннің алдындағы күнтізбелік жыл үшін жасалған үміткердің қаржылық есептілігі, ал Қазақстан Республикасының аумағында тарату үшін конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жасалған аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік;

- үміткердің салық берешегінің, сондай-ақ, міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бұрын берілген салық органының анықтамасы;

- телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторына цифрлық эфирлік және жерсеріктік телерадио хабарларын тарату желісі бойынша теле-, радиоарнаны таратқаны үшін ұлттық телерадио хабарларын тарату операторына анықтама берілген күннің алдындағы 1 айдан аса созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтама.

Конкурстық құжаттар тігілген, беттері нөмірленген және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылған түрде мөр басылған конвертте ұйымдастырушының мекенжайына ұсынылады.

Конкурстық құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8 үй (Министрліктер үйі), 14 - кіреберіс, 872-бөлме, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.

Өтінімдер және оған қоса берілген құжаттарды қабылдау ақпараттық хабарлама ресми жарияланған күннен бастап 2020 жылғы 13 тамыз сағат 18.00-де аяқталады.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары 8 (7172) 74-13-29, 8-701-102-81-70.

Нысан

Қазақстан Республикасы

Телерадио хабарларын

таратуды дамыту мәселелері

жөніндегі комиссияның

төрағасына

Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурсқа қатысуға арналған

Өтінім

Жалпы мәліметтер:

Заңды тұлғаның толық атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) _____________________________________________________________

Заңды тұлғаның мекенжайы:

_____________________________________________________________

Байланыс телефондарының нөмірлері, электронды пошта мекенжайлары:

___________________________________________________________

Есепке қою куәлігіне сәйкес теле-, радиоарнаның атауы:

__________________________________________________________

Тақырыптық бағыты:

__________________________________________________________

Тарату аумағы (ҚР, әкімшілік бірлік):

__________________________________________________________

Қоса беріліп отырған құжаттар:

______________________________________________________

______________________________________________________

______________________________________________________

Бірінші басшының/ дара кәсіпкердің қолы

МО 20__ ж. "___"___________

< Кері қайту