(Аймақтар үшін)193
(Алматы қ. үшін) 2 581 500
Call-орталыққа тегін хабарласыңыздар
​Қазақстан неге аналогтық хабар таратудан бас тартуда?
2020-09-11

Қазақстанда аналогтық хабар тарату желісінің заманы бітіп, цифрлық эфирлік телевизия кезеңі келді. Көптеген телекөрерменді: неге еліміз аналогтық телехабар таратудан бас тартып, цифрлық форматқа көшуде? деген сұрақ мазалап отыр. Анығына жетіп көрейік.

Ең алдымен аналогтық телевизияның не екенін анықтаық. Бұл – бейне мен дыбысты тарату үшін аналогтық электр сигналын қолданатын телевизиялық жүйе. Аналогтық хабар тарату кезінде станциядан сигнал антеннаға беріліп, бір жиілікке бір арна бекітіледі.

Аналогтық хабар тарату жүйесі телевизия пайда болғаннан қолданып келе жатыр, әрі «цифрды» ойлап тапқанға дейін телевизиялық кескін мен дыбысты таратудың жалғыз тәсілі болған. Аналогтық хабар таратуда түстің қанықтығы мен дыбыс тез өзгеретін амплитуда, жиілікпен ұсынылған. Үзіліссіз диапазонда сигнал өзгеріске ұшырап, тысқы әсерден тәуелді болып келеді. Бұл аналогтық телевизияның басты кемшілігі. Қолайсыз ауа райы: жел, жаңбыр, найзағай кезінде сигнал нашарлап, көрерменге кескін қаз қалпында емес, бұрмаланып жетеді. Телестанцияның алыс орналасуы да сигнал сапасына әсер етеді. Сигнал көзі мен теледидардың ара қашықтығы неғұрлым алыс болса соғұрлым сапа нашарлай бермек. Басқаша айтқанда, аналогтық хабар таратуда бейне мен дыбыс көрерменге төмен сапада жетеді. Осылайша, көгілдір экранда бейне бұлдырап, дыбыс шумен шығады. Оның үстіне, қазір көптеген фильмдер мен телебағдарламалар цифрлық форматта түсірілгендіктен, аналогтық телевизия бейне мен дыбыстағы арнайы эффектілерді бере алмайды.

Яғни, аналогтық хабар тарату ескірген, әрі заманауи талаптарға сай келмейді. Сондықтан, әлем біртіндеп аналогтық хабар таратудан бас тартып, цифрлық эфирлік хабар таратуға көшуде.

Цифрлық телевизия 1990 жылдары Еуропада пайда болды. Алғаш рет сигнал Нидерланды мен Германияда сынаққтан өткен болатын. 2019 жылғы мәлімет бойынша, дүние жүзінде 70-тен астам мемлекет толықтай цифрлық эфирлік хабар таратуға көшкен. Тағы 60 ел digital-форматқа көшу үстінде.

Қазақстан да әлемдік стандартқа көшіп жатыр. Жұмыстар 2012 жылдан бері жүргізілуде. Цифрлық телевизияны дамыту және ендіру жобасы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатыр. Қазір бірқатар облыстар цифрлық хабар таратуға толықтай көшті, халықты қамту көлемі 87,37% құрайды. Қазақстанда аналогтық хабар тарату 2022 жылы толығымен тоқтатылады деп жоспарланған.

Цифрлық хабар таратудың артықшылығы неде? Ең бастысы – айқын бейне мен жоғары сападағы дыбыс. Цифрлық сигнал түрлі бөгет-кедергіге ұшырамайды, әрі телекөрерменге, тіпті шалғай орналасқан елді мекендерге бастапқы түрінде, шуылсыз, бұлдырлаусыз жетеді. Тағы бір артықшылық – сигнал таратудың жоғары жылдамдығы. Цифрлық хабар тарату телекөрерменге жоғары сападағы контеннтті жеткізеді.

Цифрлық телехабар тарату желісі:

  • телехабар тарату жүйесіне қосымша функциялар мен қызмет енгізуге;
  • барлық облыс орталықтары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 30 шақты, елді мекендерде 15 отандық телеарнаны цифрлық сапада, әрі абоненттік төлемсіз тамашалауға;
  • телеарналарды екі тілде (қазақ, орыс) көруге, электрондық хабарлар бағдарламасы;
  • көрерменді жаңалықтар, өзгерістер мен алдын алу жұмыстары туралы теледидар экранына ТВ-пошта жөнелту арқылы құлақтандыруға мүмкіндік береді.

2022 жылы Қазақстан Репсубликасы халқының кем дегенде 95 пайызын цифрлық эфирлік сигналмен қамтамасыз ету жоспарланған.

< Кері қайту