(Аймақтар үшін)193
(Алматы қ. үшін) 2 581 500
Call-орталыққа тегін хабарласыңыздар
​Бауыржан Қожалім: сандық жабдықта жұмыс істеу оңайырақ
2020-09-23

Бауыржан Қожалім – «Қазтелерадио» АҚ Алматы филиалының технологиялық жабдықтарды пайдалану цехының жетекші инженері. Телекоммуникация саласындағы жалпы еңбек өтілі 20 жылдан астам, оның ішінде 17 жыл Алматы облыстық телерадиохабар тарату дирекциясында жұмыс істейді.

«Менде телехабарларға деген қызығушылық 6-7 сыныптарда оқып жүргенде пайда болды. Ауылымыңызға жақын жерден телемұнара бой көтерді. Мен әрдайым Теледидарға сигнал қалай жетеді деген сұрақ мені әркез мазалайтын. Біздің ауылда небәрі 3 телеарна ғана көрсететін: Қазақстан, Хабар және Еуразия. Кейін тағы бір жекеменшік телеарна пайда болды. Телемұнарада не болып жатқанын, әрі мұның бәрі қалай жұмыс істейтінін білгім келді. Бала күнімдетелемұнара қызметкерлеріне үй телефонынан қоңырау шалып, сурет пен дыбыстыңтеледидарға қалай берілетінін сұраушы едім», - деп еске алады Бауыржан Қожалім.

Өсе келе Бауыржанның телехабар тарату саласына деген қызығушылығы артып, радио - және телеаспаптарды зерттейтін болды, теле-, радиотехника бойынша арнайы әдебиет оқуды әдетке айналдырды. Мектепті тәмамдаған кезде ол не де болса болашағын телекоммуникация саласымен байланыстыруға бел буады. Алдымен колледже оқып, мамандық негіздерін игеріп, кейін Алматы энергетика және байланыс университетіне оқуға түсті.

«Қазтелерадиода» Бауыржан Қожалім 2003 жылдан бері еңбек етіп келеді. Электромеханиктен жетекші инженер лауазымына дейін жеткен еңбек өтілі бар. Аналогтық жабдықтармен жұмыс істеді. Алматы облысында цифрлық хабар таратуға көшу басталған кезде ескі цифрлық радиотелевизиялық станцияларды жаңғырту, әрі жаңа станциялардың құрылысына қатысты. «Аналогтық форматта жұмыс істеу қиын болды. Желідегі ақауларды жою үшін станцияға баруға мәжбүр болдық. Ақаулардың себебін анықтау, жабдықты жөндеуге, жолға көп уақыт кететін. Бұл өте ауыр жұмыс. Қазір «цифрға» көшкелі жұмыс істеу оңайға соғуда. Барлығы автоматтандырылған. Ғимараттан шықпай-ақ техникалық ақауларды жоюға болады. Қажетті түймені бассаңыз жетіп жатыр», - дейді Алматы ҚДТ жетекші инженері Бауыржан Қожалім.

Маманның айтуынша, цифрға көшкелі абоненттерден шағым аз түседі. Бұрын ауа-райы нашарлаған кезде аналогтық сигнал көрерменге бұрмаланып жететін. «Қазір ондай жоқ. Сандық сигнал көрерменге таза қалпында жетеді. Тіпті ең шалғай орналасқан ауыл тұрғындары да сапалы бейне мен айқын дыбыстағы 15 шақты телеарнаны көріп отыр. Бұл цифрлық теледидардың артықшылығы», - дейді Бауыржан Қожалім.

Қазір ол өз тәжірибесімен жас мамандармен бөлісіп жүр, әрі хабар тарату сапасына байланысты жоспарлы алдын алу жұмыстарының уақтылы жүргізілуін қадағалайды. Сонымен қатар, Бауыржанның жеткіншек ұлы да радиоэлектрониканы жақсы көреді, еліміздің ең биік телемұнарасында әкесі сияқты жұмыс істеуді армандайды екен.

< Кері қайту