(Аймақтар үшін)193
(Алматы қ. үшін) 2 581 500
Call-орталыққа тегін хабарласыңыздар
​Қарағанды облысының 11 РТС-де ЦЭТВ қосылды
2020-11-03

Қарағанды облысының қырық мың тұрғыны цифрлық эфирлік телехабар тарату желісімен қамтамасыз етілді. 30 қазанда өңірдегі 11 цифрлық нысан қолданысқа енгізілді. «Жастар», «Пионер», «Осакаровка», «Сұңқар», «Қантай», «Шешенқара», «Бесоба», «Көктас», «Жарлы», «Аппаз» және «Егіндібұлақ» радиотелевизиялық станцияларының құрылысы аяқталып, модернизациядан өткен соң цифрлық эфирлік телехабар тарату желісі облыстың 470 елді мекенінде пайда болды.

ЦЭТВ-ге көшу кестесіне сәйкес, Қарағанды облысында аналогтық желінің толық өшірілуі 2021 жылға жоспарланған. Цифрлық эфирлік хабар таратуды енгізу жобасын жүзеге асыру Қазақстанда 2022 жылы аяқталады деп жоспарланған. Жобаны сәтті жүзеге асыру үшін 827 станция тұрғызып,модернизациядан өткізу керек. Қазіргі уақытта Қазақстан 529 станция іске қосылды, олар Қазақстан халқының 89,55 пайызын ЦЭТВ сигналымен қамтиды.

< Кері қайту