(Для регионов)193
(Для г. Алматы) 2 581 500
Звоните в CALL-CENTER бесплатно!
OTAU TV авторландырылған дилерлер

Құрметті OTAU TV абоненттері!

Цифрлық және жерсеріктік хабар таратудың Ұлттық операторы «Қазтелерадио» АҚ өздерін OTAU TV қызметкерлері деп таныстыратын, жабдықтарды ауыстырып және төлем жасауды талап ететін, сол арқылы автоматты түрде басқа оператордың қызметтеріне қосып жіберетін үшінші тарап дилерлерінің пайда болуы жағдайларының жиілеп кеткендігі жөнінде хабарлайды.

Осындай жағдайларды болдырмау үшін, біз OTAU TV жабдықтарын орнатып оны қазақстандық Kazsat-3 жерсерігіне күйге келтіру бойынша халыққа қызмет көрсететін тек қана авторландырылған дилерледің қызметіне жүгінулеріңізді сұраймыз, байланыс мәліметтерін корпоративтік сайтта жарияланған http://otautv.kz/s2/#vequipment сілтемесі бойынша таба аласыздар.

Сондай-ақ, жаңа қазақстандық KazSat-3 жерсерігіне көшуге байланысты Call-орталығына келіп түсетін жүктеуің жоғары болуына байланысты қоңырау шалу мүмкін емес жағдайлары туындағанда түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

Сіз байланыс мәліметтеріңіз көрсетілген хабарламаңызды abonent@otautv.kz электрондық поштамызға немесе әлеуметтік желілерде https://vk.com/otautvkz немесе https://www.facebook.com/otautvkz/?ref=bookmarks парақшаларында өз сұрағыңызды жолдай аласыз. Оператор сізбен байланысқа шығып сұрақтарыңызға толық жауап беретін болады. Жақын уақытта Call-орталықтың жұмысы жақсартылатын болады.
Туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!

< Кері қайту