Байқаудың шарттары

    БАЛАЛАР СУРЕТІ БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ


    1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
	«OTAU TV– ғажайыптар елі» (бұдан әрі – Байқау) балалар суретінің байқауы «Балаларды қорғау күнін» мерекелеу қарсаңында өткізіледі.
	1.1. Байқаудың ресми парақшасы otautv.kz/strana-chudes-otau
	1.2. Байқаудың ұйымдастырушы «Қазтелерадио» АҚ (бұдан әрі – Ұйымдастырушы).
	1.3. Байқау Қазақстан Республикасы тұрғындары арасында өткізіледі.
	1.4. Байқау комиссиясы жұмысының қорытындылары бойынша 12 үздік жұмыс «Қазтелерадио» АҚ-ның 2017 жылғыфирмалық күнтізбесін жасау кезінде әрекеттегі және әлеуетті абоненттері арасында оны кейінгі тарату үшін қолданылатын болады.


	2. БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТІ
	2.1. Дарынды балаларды қолдау;
	2.2. Балаларды көркем шығармашылықпен шұғылдануға қызықтыру;
	2.3. OTAU TV цифрлық телевизия қызметтерін ұсынушы операторға тұтынушылық ниеттестікті арттыру.


	3.  БАЙҚАУДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
	3.1. Байқаудың мәні балалардың OTAU TV – ғажайыптар елі» тақырыбына арналған суреттері болып табылады.
	3.2. Байқаудың қатысушылары ретінде 5-тен 14 жасқа дейінгі балалар, оның ішінде көркемөнер мектептерінің және өзгеде қосымша білім беру мекемелерінің  өз жұмыстарын ұсынушы (бұдан әрі - Қатысушылар) балалары қатыса алады.


	4. БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ
	4.1. «OTAU TV – ғажайыптар елі» тақырыбына сурет сал.
	4.2. Суретті otautv.kz/strana-chudes-otau, сайтына жүкте немесе оны тұрғылықты мекенжай бойынша OTAU TV өңірлік филиалына жібер.


	5. ЖҰМЫСТАРДЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
	5.1.Байқауға А4 форматы қағазындағы түрлі-түсті суреттер қабылданады. Байқауға ұсынылған жұмыстар қол әдісімен (қарындаш, фломастер, гуашь, акварель, пастель) бейнелеу өнерінің кез-келген техникасында және кез-келген материалында орындалуы мүмкін.
	5.2. Суреттер ата-аналардың және мұғалімдердің көмегінсіз орындалуы және келесі бетінде: байқауға қатысушының тегі, аты, жасы, телефоны (үй/ұялы) және бір ата-анасының (заңды өкілінің) аты-жөні, тұрғылықты мекенжайы жазылуы тиіс.
	5.3. Байқауға жұмысты жібере отырып, қатысушының заңды өкілдерінің біреуі осы Ережеде көрсетілген байқаудың шарттарымен келіседі, оның ішінде келісім береді:
		— otautv.kz/strana-chudes-otau сайтында суреттердің орналастыру ықтималдығына— электрондық және баспа БАҚ-та суреттердің жариялану ықтималдығына;
		— Ұйымдастырушының ішкі есептерін дайындау үшін суреттерді қолдануға;
		— Ұйымдастырушының жарнамалық, имидждік мақсаттарына  әрі қарай қолдануға;
		— суреттерді «Қазтелерадио» АҚ-ның және OTAU TV баспа және жарнамалық материалдарында қолдануға.
	5.4. Сондай-ақ, Ұйымдастырушы қатысушыдан байқауға қатысу туралы жарнамалық сұхбатты, оның ішінде радио және телевизия үшін, сол сияқты басқа бұқаралық ақпарат құралдары үшін алуы мүмкін немесе кезкелген жарнамалық материалдарды дайындау үшін қатысушының сурет  және бейне түсірмесін ол үшін қандай да бір сыйақы төлеусіз жүзеге асыра алады.
	5.5. Әрбір қатысушы байқауға екеуден аспайтын жұмысты ұсына алады. Екеуден артық жұмыстар байқауға қатысуға жіберілмейді және қарастырылмайды.
	5.6. Дайын жұмыстарды «Қазтелерадио» АҚ-ның өңірлік филиалдарына (филиалдардың мекенжайларын сілтемесі бойынша қарауға болады) жіберуге болады немесе JPEG немесе PNG форматтарында электрондық түрде (ол үшін жұмысты суретке түсіру немесе сканерлеу керек, файл 5 МБ-тан көп емес) otautv.kz/strana-chudes-otau байқаудың ресми парақшасында жариялауға болады.
	5.7. Келесі жұмыстар қабылданбайды:
		— компьютердегі графикалық редакторлармен орындалған.
		— умаждалған және бүктелген жұмыстар.
	5.8. Байқауды ұйымдастырудың барлық сұрақтары бойынша otautv.kz/strana-chudes-otau сайтында кері байланыс формасы арқылы хабарлама жөнелтуге болады.
	5.9. Егер қатысушы байқауға қатысуға қажетті ақпаратты түгел ұсынбаса, Ұйымдастырушының байқауға қатысушыны марапаттаудан бас тартуға құқығы бар.
	5.10. Ұйымдастырушының осы ережеге өзгертулерді міндетті жариялау арқылы енгізу құқығы бар.


	6. ӨТІНІШТЕРДІ БЕРУ ЖӘНЕ БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ МЕРЗІМДЕРІ
	6.1. Байқауды өткізу мерзімдері: 20.05.2016 ж. бастап 30.06.2016 ж. дейін
	6.2. Жұмыстарды беру мерзімдері: 20.05.2016 ж. бастап 27.06.2016 ж. дейін
	6.3. Қорытындыларды шығару (Байқаудың Қазылар алқасының жұмысы) 28.06.2016 ж. бастап 30.06.2016 ж. дейін
	6.4. Жеңімпаздарды марапаттау: 01.07.2016 ж. бастап 15.07.2016 ж. дейін


	7.БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ЖӘНЕ МАРАПАТТАРЫН АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ
	7.1. Байқау 4 жас санаты аралығында өткізілетін болады: 5-6 жас, 7-9 жас, 10-12 жас және 13-14 жас. 
	7.2. Байқаудың жеңімпаздары (1-орын) мен жүлдегерлері (2 және 3-орын) әрбір жассанаты бойынша мадақтамалар және бағалы сыйлықтармен марапатталады
	7.3. Жүлде қоры:
		- 4 OTAU TV жерсеріктік хабар тарату жабдығы және 4 планшет – 1 орын;
		- 4 Ойыншық дүкеніне 10 000 теңге сомасына сыйлық сертификаты – 2 орын;
		- 4 «Суретшінің жиынтығы» (Футболка, сөмке-папка, альбом, түсті қарындаштар, фломастерлер, магниттер, ермексаз, қалам, ойыншық-драже) – 3 орын.
	7.4. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау үшін ұйымдастырушы байқаудың қазылар алқасы құрамын сайлайды және бекітеді.
	7.5. Байқаудың қазылар алқасы құрамында «Қазтелерадио»АҚ өкілдері бар.
	7.6. Қазылар алқасының сандық құрамы 5 адамнан кем емес.
	7.7. Қазылар алқасы байқау қатысушыларының ұсынылған жұмыстарын 5-баллдық жүйе бойынша бағалау парақтарын толтыру арқылы бағалайды және жеңімпаздарды анықтайды.
	7.8. Әрбір номинацияның жеңімпазы ең көп жинаған балл бойынша анықталады. Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда шешуші дауыс төрағаның дауысы болады.
	7.9. Ұйымдастырушы қосымша номинацияларды жариялау немесе ынталандыру сыйлықтарын бекіту құқығына ие.
	7.10. Байқау жеңімпаздарын тану туралы Қазылар алқасының шешімін ұйымдастырушы комитет бекітеді. Қазылар алқасының шешіміне шағым түсіруге болмайды.


	8. БАЙҚАУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫН ЖАРИЯЛАУ
	8.1. Байқау қорытындылары телефонмен қоңырау шалу арқылы жарияланады. Жеңімпаздар Ұйымдастырушының Орталық аппаратына немесе өңірлік филиалдарға жүлделерді беру үшін шақырылады.
	8.2. Байқау қорытындылары мен марапаттау материалдары Байқаудың ресми парақшасында жарияланатын болады: otautv.kz/strana-chudes-otau
        

Балалар суретінің байқауы

KZ

Байқаудың шарттары

«OTAU TV – ғажайыптар елі» тақырыбына сурет сал.

Суретті байқаудың парақшасына жүкте немесе оны тұрғылықты мекенжай бойынша OTAU TV өңірлік филиалына жібер.

Байқауға 4 жас санаты бойынша балалар қатыса алады: 5-6 жас, 7-9 жас, 10-12 жас және 13-14 жас.

Байқауға қатысудың шарттары, ережелері және сыйлықтарды алу туралы ақпаратпен осы жерден нақтырақ танысуға болады.

1 орын - OTAU TV жерсеріктік телевизия жиынтығы және планшет

2 орын – Ойыншық дүкеніне 10 000 теңге сомасына сыйлық сертификаты

3 орын - Суретшінің жиынтығы

Өз жұмысын жүктеу

Біздің серіктестер