(Для регионов)193
(Для г. Алматы) 2 581 500
Звоните в CALL-CENTER бесплатно!

ЦЭТВ әрқашан биікте!

Қазақстанның ең биікте орналасқан радиотелевизиялық станциясы («Батыс» РТС) Тянь-Шань үстіртінде, Жамбыл облысының облыс орталығынан 150 шақырым жерде, теңіз деңгейінен 3500 метр биіктікте орналасқан.

«Қазтелерадио» АҚ жамбыл филиалының техникалық мамандары станцияның үзіліссіз жұмысын тұрақты түрде қамтамасыз етіп отырады. Бұл РТС цифрлық эфирлік телевизиямен қатар радиобағдарламалардың сигналын да таратады.


Радиотелевизиялық станцияға апарар жолды «тар жол, тайғақ кешу» деп атаса артық етпейді. «Қазтелерадио» АҚ филиалының қызметкерлері РТС-қа дейін ат ерттеп мініп барады, әрі станцияға көтерілу уақыты кем дегенде 8 сағатты алады.


Жамбыл облысы ЦЭТВ-ға толығымен көшті. 2018 жылдың қараша айында аналогтық телехабар тарату желісі толығымен өшірілді. «Батыс» радиотелевизиялық станция 83 елді мекенді цифрлық эфирлік телехабар сигналымен қамтиды, ал бұл шамамен 140 000 үй шаруашылығы.