(Для регионов)193
(Для г. Алматы) 2 581 500
Звоните в CALL-CENTER бесплатно!

​Асқар Нұрымжанов «Қазтелерадио» АҚ Басқарма Төрағасы қызметіне тағайындалды

«Қазтелерадио» АҚ Басқарма Төрағасы болып Асқар Мұқанметжанұлы Нұрымжанов тағайындалды.

Асқар Мұқанметжанұлы Нұрымжанов 1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1999 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, 2009 жылыАлматыдағы Халықаралық Бизнес Академиясының МВА бағдарламасы бойынша, 2014 жылы Халықаралық Бизнес Мектебін DBA бағдарламасы бойынша тәмамдады, "Іскерлік әкімшілік докторы" Академиялық дәрежеге ие.

Еңбек өтілін «Қазақтелеком» АҚ (Алматы қ.) ішкі аудит және есептік саясат қызметінің жетекші маманы, сосын қаржы департаментінің жетекші маманы ретінде бастаған. 2003 жылдан бастап Қаржы департаменті директорының орынбасары, ал 2006 жылдан бастап 2016 жылға дейінАқмола облыстық телекоммуникациялар дирекциясы Басдиректоры лауазымында қызмет етті. 2016 жылдан 2017 жылға дейін ҚР Ұлттық Банкінің ақпараттық технологиялар департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2018-2019 жылдар аралығында «Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары лауазымында қызмет етті.