(Аймақтар үшін)193
(Алматы қ. үшін) 2 581 500
Call-орталыққа тегін хабарласыңыздар

​40 РТС-те тестілеу түрінде цифрлық эфирлік телехабар тарату тоқтатылды

Қазақстанның 5 облысында 40 редиотелевизиялық станцияда цифрлық эфирлік телехабардың таратылуы тоқтатылды. Бұған дейін төтенше жағдай мерзімі кезінде мектеп оқушылары үшін қашықтан білім беруді ұйымдастыру және «Балапан», «ЕлАрна» телеарналарының эфирінен сабақ көрсетілуіне байланысты: Шығыс Қазақстан облысында 6, Ақтөбе облысында 5, Солтүстік Қазақстан облысында 8, Қызылорда облысында 16, Атырау облысында 5 РТС тестілеу тәртібінде іске қосылған балатын. Айта кетерлік жәйт, аталған радиотелевизиялық станциялар бұған дейін іске қосылмаған еді. Қазіргі уақытта РТС құрылысын аяқтау бойынша жұмыстар жалғасуда.

Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясының таралуына байланысты бүкіл ел бойынша төтенше жағдай жариялаған болатын. ТЖ жарияланған соң Қазақстанда мектеп оқушыларын қашықтан білім алу тәртібіне көшіру туралы шешім қабылданды.