(Аймақтар үшін)193
(Алматы қ. үшін) 2 581 500
Call-орталыққа тегін хабарласыңыздар

БАҚ қызметкері күні құтты болсын!

Құрметті әріптестер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері! Сіздерді төл мерекелеріңіз – БАҚ қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазіргі заманда бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі орасан зор. Сіздер Қазақстан халқын маңызды оқиғалармен таныстырып қана қоймай, қоғамдық пікір қалыптастырып, әділдік пен мейірімділік жалауын желеулетіп келесіздер! Кәсіби мейрам күні Сіздерді игілікті ынтымақтастығымызз үшін, цифрлық телевизияға көшу жобасын бүкіл республика аймағында жария еткендеріңіз үшін алғыс айтамыз.

«Қазтелерадио» АҚ үшін қазақстандық телерадиокомпаниялар – бір терінің пұшпағын илеп жүрген серіктесіміз. Өйткені қызметіміз бір – көрермен мен тыңдарманды ақпаратпен қамтамасыз ету!

Нәтижелі жұмыс, жоғары деңгейдегі кәсібилік пен өз істеріңізге адалдық үшін рахмет айтамыз!

Шығармашалық жобалар мен жаңа бастамаларыңыз сәтті жүзеге асуын, қанатты шабыт тілейміз! Отбасыларыңызға бақ-дәулет пен денсаулық тілейміз!

Құрметпен,

«Қазтелерадио» АҚ