(Аймақтар үшін)193
(Алматы қ. үшін) 2 581 500
Call-орталыққа тегін хабарласыңыздар

​Солтүстік Қазақстан цифрлық хабар таратуға толық көшеді

Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің тұрғындары отандық телеарналарды цифрлық форматта тамашалайды. Жаңа сапаға көшу жұмыстары аймақта 2013 жылдан бері жүріп келеді. Телерадиохабар тарату саласындағы Ұлттық оператор «Қазтелерадио» АҚ-ның облыстық филиалы заманауи цифрлық қондырғы орнатты, барлығы өңірде 42 радиотелевизиялық станция тұрғызылып, модернизациядан өткізілді. Петропавловск тұрғындары цифрлық форматтың артықшылықтарына қазірдің өзінде оң баға беріп отыр, олар 20-дан астам отандық телеарнаны абоненттік төлемақысыз тамашалауда.

Цифрлық станциялар облыс пен аудан орталықтары ғана емес, шағын шекаралық бекеттерде де орналасқан. Бұған дейін шалғай ауыл тұрғындары отандық телебағдарламаларды нашар сапада, кейде тіпті көрші мемлекеттердің арналарын қарауға мәжбүр болған еді. Енді оларға 15 шақты қазақстандық арнаны цифрлық форматта қолжетімді болады.

Сапалы дыбыс пен бейнеден өзге, мамандар цифрлық хабар таратудың басқа да артықшылықтарына баса назар аударуда – арналардың көп түрлілігі, табиғи кедергілерге төзімділігі мен үнемділігі. Аналог арқылы берілетіні сигнал нашар еді, әрі кейде мүлде жоғалып кертуі мүмкін болатын. Цифрлық эфирлік желіде хабар едіуір үлкен қашыққа таралады. Аналогтық желі бір таратқыш – бір арна принципімен жұмыс істейтін. Digital-форматқа көшу бір таратқышта 15 шақты арнаны трансляциялауға мүмкіндік береді.

Қазір жаңа радиотелевизиялық станцияларда соңғы тексеріс жұмыстары жүруде. Солтүстік Қазақстан облысы биыл желтоқсан айында толығымен цифрлық хабар тарату форматына көшеді. Халықты қамту үлесі 98,3 пайзызды құрап отыр, яғни қамту аумағына 537 мың шақты адам тұрып жатқан 617 елді мекен енеді деген сөз. Аналогтан «цифрға» көшу «Цифрлы Қазақстан» мемелкеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылуда. Әлеуметтік жобаның басты мақсаты – қазақстандықтарды тегін сапалы телевизиямен қамтамасыз ету.