(Аймақтар үшін)193
(Алматы қ. үшін) 2 581 500
Call-орталыққа тегін хабарласыңыздар

​ЦЭТВ телеарналары өзгеруі мүмкін

«Телерадиохабар тарату туралы» ҚР Заңының 13 бабы, 2 тармағына сәйкес, телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімдіктегі теле-, радиоарналар тізімін қалыптастыру байқау негізінде жүзеге асырылып, уәкілетті органның шешімімен бекітіледі.

Міндетті телеарналар және еркін қолжетімдіктегі теле-, радиоарналар тізімін қалыптастыру бойынша байқаудың нәтижесі бойынша, 2019 жылдың 17 маусымындағы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің №171 және 172 бұйрықтарына өзгерістер енгізілді. 2020 жылдың 28 қазанындағы шешіммен, Ұлттық оператор «Қазтелерадио» АҚ тарататын міндетті теле-, радиоарналар мен еркін қолжетімдіктегі теле-, радиоарналардың жаңа тізімдері бекітілді.

Осыған байланысты цифрлық эфирлік және жерсеріктік «OTAU TV» телерадиохабар тарату желілеріндегі 1-ші және 2-ші мультиплекстерінің телеарналар тәртібі жаңа бекітіліген тімізге сәйкес қайта орналастырылады.

ЦЭТВ желісінде таратылатын арналар тізімін өзегрту жұмыстары барысында мультиплекстердегі арналардың орналасуы өзгеруі ықтимал. Арналардың реттік нөмірі дұрыс көрсетілуі, сондай-ақ сигналды сапалы түрде қабылдау үшін цифрлық қондырғы немесе теледидарға автоматтық күйге келтіру жүргізу қажет. Отандық нарықта ресиверлер көп түрде ұсынылғандықтан «Қазтелерадио» АҚ ресиверге теңшелім жасау және арналарды іздестірудң қысқаша нұсқаулығын әзірлеп қойды.

DVB-T2 ресиверлерін күйге келтіру үшін

  • «Ресивер мәзірін» (DVB-T2 қабылдағышының) ашамыз;
  • «Телеарналарды автоіздеуді» таңдап, «Ok» басамыз;
  • Телеарналарды іздеу парағы ашылады, 100% дейін жүктелуін күтеміз;
  • Іздеу аяқталғаннан кейін мәзір автоматты түрде жабылады.

DVB T2 (ресиверсіз) қолдауы бар теледидарды күйге келтіру үшін

  • «Мәзірді» ашамыз;
  • «Телеарналарды автоіздеуді» немесе «Арналарды іздеу» дегенді таңдаймыз (теледидардың моделіне қарай)
  • «Цифрлық арналарды іздеу» немесе «Цифрлық станцияларды іздеуді» таңдаймыз.
  • «Ok» басып, 100% дейін жүктелуін күтеміз;
  • Іздеу аяқталғаннан кейін мәзір автоматты түрде жабылады.

Үлгі МТ 330 МТ Н700 МТ 505 МТ 505А «Mitio»

  • Мәзірді ашып, «Жүйе» қосымша бетіне көшеміз;
  • Ашылған мәзірден «Зауыттық теңшелімдер» түймесін басамыз;
  • ПИН код 0000;
  • Қайта жүктеуден кейін бірқатар күйге келтіру жүргіземіз:
  • Тіл мен өңірді таңдаймыз;
  • Антенна баптауы ОК;
  • Казсат 3 жерсерігін таңдаймыз, сигнал сапасын тексереміз.
  • Арналарды іздеуді қосамыз;
  • Күйге келтіру аяқталды.

Үлгі HS8871R HS3300 «Skyworth»

  • Мәзірді ашып, «Жүйе» қосымша бетіне көшеміз;
  • Ашылған мәзірден «Зауыттық теңшелімдер» түймесін басамыз;
  • ПИН-код 0000 терген соң пульттен ОК түймешесін тауып, басу қажет;
  • Қайта жүктеуден кейін бірқатар күйге келтіру жүргіземіз:
  • Тіл мен өңірді таңдаймыз;
  • Антенна баптауы ОК;
  • Казсат 3 жерсерігін таңдаймыз, сигнал сапасын тексереміз.
  • Арналарды іздеуді қосамыз;
  • Күйге келтіру аяқталды.

Үлгі SRT7520 SRT7521 «Strong»

  • Мәзірді ашып, «Персонализация» қосымша бетіне өтеміз;
  • Ашылған мәзірден «Зауыттық теңшелімдер» түймесін басамыз;
  • ПИН код;
  • Қайта жүктеуден кейін бірқатар күйге келтіру жүргіземіз:
  • Тіл мен өңірді таңдаймыз;
  • Экран пішінін 4:3-тен «Автоматтыққа» міндетті түрде өзгертеміз;
  • Антеннаны күйге келтіру үшін көк түймешені басу қажет!
  • Казсат 3 жерсерігін таңдаймыз, сигналдың деңгейі (S) мен сапасын (Q) тексереміз;
  • Көк түймешені басып арналар іздеуді іске қосамыз.
  • Күйге келтіру аяқталды.

Телеарналардың толық тізімімен мына жерде таныса аласыз.

Қосымша сұрақтарыңыз болса «Қазтелерадио» АҚ call-орталығына келесі телефондар арқылы хабарласуыңызға болады:

Жергілікті абоненттер үшін 193, үй телефонынан қоңырау тегін, Алматы қ тұрғындары үшін +7(727) 2 581 500.