(Аймақтар үшін)193
(Алматы қ. үшін) 2 581 500
Call-орталыққа тегін хабарласыңыздар

Жерсеріктік телерадио хабарларын тарату желісіндегі телеарналардың нөмірленуінің өзгеруі

Үстіміздегі жылдың 19 қарашасында жоспарлы-профилактикалық жұмыстарды жүгізу барысында «OTAU TV» жерсеріктік телехабар тарату желісінде телеарналардың нөмірленуіне өзгерістер енгізілетін болады.

«OTAU TV» жерсеріктік телехабар тарату желісінде телеарналардың нөмірленуі

Арналардың нөмірленуін дұрыс көрсету, сондай-ақ, сигналдарды сапалы қабылдау үшін цифрлық жабдықты немесе теледидарды автоматты түрде күйге келтіру қажет. Отандық нарықта ресиверлердің түрлерінің көп екендігін ескере отырып, «Қазтелерадио» АҚ ресивердің параметрлерін орнына келтіру туралы және ресиверлердің кең таралған үлгілеріне арналған арналарды іздеу жөніндегі қысқаша нұсқаулық дайындады.

Үлгі МТ 330 МТ Н700 МТ 505 МТ 505А «Mitio»

  • Мәзірді ашып, «Жүйе» қосымша бетіне көшеміз;
  • Ашылған мәзірден «Зауыттық теңшелімдер» түймесін басамыз;
  • ПИН код 0000;
  • Қайта жүктеуден кейін бірқатар күйге келтіру жүргіземіз:
  • Тіл мен өңірді таңдаймыз;
  • Антенна баптауы ОК;
  • Казсат 3 жерсерігін таңдаймыз, сигнал сапасын тексереміз.
  • Арналарды іздеуді қосамыз;
  • Күйге келтіру аяқталды.

Үлгі HS8871R HS3300 «Skyworth»

  • Мәзірді ашып, «Жүйе» қосымша бетіне көшеміз;
  • Ашылған мәзірден «Зауыттық теңшелімдер» түймесін басамыз;
  • ПИН-код 0000 терген соң пульттен ОК түймешесін тауып, басу қажет;
  • Қайта жүктеуден кейін бірқатар күйге келтіру жүргіземіз:
  • Тіл мен өңірді таңдаймыз;
  • Антенна баптауы ОК;
  • Казсат 3 жерсерігін таңдаймыз, сигнал сапасын тексереміз.
  • Арналарды іздеуді қосамыз;
  • Күйге келтіру аяқталды.

Үлгі SRT7520 SRT7521 «Strong»

  • Мәзірді ашып, «Персонализация» қосымша бетіне өтеміз;
  • Ашылған мәзірден «Зауыттық теңшелімдер» түймесін басамыз;
  • ПИН код;
  • Қайта жүктеуден кейін бірқатар күйге келтіру жүргіземіз:
  • Тіл мен өңірді таңдаймыз;
  • Экран пішінін 4:3-тен «Автоматтыққа» міндетті түрде өзгертеміз;
  • Антеннаны күйге келтіру үшін көк түймешені басу қажет!
  • Казсат 3 жерсерігін таңдаймыз, сигналдың деңгейі (S) мен сапасын (Q) тексереміз;
  • Көк түймешені басып арналар іздеуді іске қосамыз.
  • Күйге келтіру аяқталды.

«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, өйткені тоқсандық жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіре тұруға мүмкіндік береді, үзілістер кезінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың жаңа тізбесінің бекітілуіне байланысты цифрлық эфирлік телехабар тарату желісінде 1-ші және 2-ші мультиплекс арқылы ұлттық оператор «Қазтелерадио» АҚ тарататын қолжетімді телеарналардың тізіміне өзгерістер енгізілген болатын.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

call-center: 193, 7193, +7(727) 2 581 500.

e-mail: abonent@otautv.kz