(Аймақтар үшін)193
(Алматы қ. үшін) 2 581 500
Call-орталыққа тегін хабарласыңыздар

«Halyq Arna» телеарнасы енді «GalamTV» қосымшасында

29 желтоқсаннан бері Galam TV арналар тізімі «Halyq Arna» телеарнасымен толықты. "HALYQ ARNA" арнасы 2017 жылдың қыркүйегінде құрылған. Телеарнаның хабар таратуы Қазақстанның бүкіл аумағын қамтиды десе болады. Ел халқының 98,5 пайызы осы арна аудиториясы болып табылады. "HALYQ ARNA" телеарнасының жанрлық құрылымы ақпараттық бағдарламалар, көпсериялы телефильмдер мен сериалдар, толықметражды көркем және деректі фильмдер, спорттық және қоғамдық-әлеуметтік оқиғалар мен ойын-сауық шараларының трансяцияларынан тұрады. "HALYQ ARNA" арнасынан өзге «GALAM TV» қызметінде қазақстандық 33 телеарна мен 11 радиоарна тегін қолжетімді. Айта кетерлік жәйт, қазіргі уақытта "Қазтелерадио" АҚ-да «GALAM TV-ге» қосылатын арналар тізімін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.