«OTAU TV» арналары тізіміндегі жаңа телеарна – «HAN-TV»
2024 жылғы желтоқсаннан бастап «HAN-TV» телеарнасы «OTAU TV» арналарының тізіміне кіргенін қуана хабарлаймыз.
«HAN-TV» телеарнасы өз жұмысын 2022 жылы бастады және Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің, яғни Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының тұрғындарына бағытталған. Телеарнаның негізгі миссиясы – көрермендерге айқын әрі анық ақпарат беру.
Телеарнаның танымал бағдарламалары
«HAN-TV» бағдарламалардың алуан түрлілігінің арқасында аз уақытта көреремендер сеніміне ие болды:
- Жаңалықтар: «Әділет ақпарат» (күн сайын үш шығарылым).
- Хабарлар: «Үлгілі ауыл», «Қоғам денсаулығы», «Еңбек адамы», «Білім байлық», «ЖастарTimes» және тағы басқалар.
Телеарна командасы үнемі жаңа, креативті жобалар жасауға ұмтылады, бұл «HAN-TV» арнасын оңтүстік өңірдегі болашағынан үміт күттіретін медиалардың біріне айналдырады.
Арна мен оның хабарлары туралы толық ақпаратты сіздер кез келген уақытта hantv.kz ресми сайтынан таба аласыздар.
«OTAU TV» -ден бірге тамашалайық!