2021 ж. 30 желтоқсан күні сағат 12:05-тен 16:55-ке дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) аналогты эфирлі телерадио желісінде, Ақтөбе облысының «Ақтөбе» радиотелевизиялық станциясында телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдары өшіріліп, жоспардан тыс жұмыстар жүргізілетін болады. Сол себепті, «КТК», «НТК», «NS радио», «Ретро FM», «Жулдыз FM», «Авторадио Казахстан», «Народное радио», «Радио Дача», «Love Radio» «Тандем» телерадио арналары уақытша өшіріледі.
«Қазтелерадио» АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Қоғамның Сall-орталығына мына нөмірлер бойынша хабарласа аласыз: 8 8000 800 193 (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін), +7 (727) 2 581 500. Сондай-ақ, abonent@otautv.kz электрондық поштасына хабарлама жіберуге болады.