2022 жылы 18-19 тамыз сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) Қызылорда облысының «Қызылорда» радиотелевизиялық станциясында телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдары өшіріліп, жоспардан тыс жұмыстар жүргізілетін болады. Сол себепті, «Народное радио», «Авторадио Казахстан», «Русское радио», «Европа Плюс Казахстан», «Love радио», «Премьер FM», «LUX FM», «Той думан радиосы», «Радио Energy» радио арналары уақытша өшіріледі.
«Қазтелерадио» АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Қоғамның Сall-орталығына мына нөмірлер бойынша хабарласа аласыз: 8 8000 800 193 (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін), +7 (727) 2 581 500. Сондай-ақ, abonent@otautv.kz электрондық поштасына хабарлама жіберуге болады.