Жиі қойылатын сұрақтар
«OTAUTV» қызметіне қосылу
Қай өңірдің тұрғындары «OTAU TV» абоненттері бола алады?
Ұлттық жерсеріктік телерадио хабарларын тарататын "OTAU TV" қызметі Қазақстан Республикасының барлық аумағы бойынша қол жетімді.
«OTAU TV» абоненті болу үшін не қажет?
Ұлттық жерсеріктік телерадио хабарларын тарататын «OTAUTV» қызметіне қосылу үшін алдымен қосылуға тапсырыс беру қажет. Сізге OTAU TV қызметін қосумен айналысатын дилер хабарласады. Дилер жұмысын аяқтағаннан кейін, оған жабдықтар мен байланысты орнатудың құнын төлеп, Тіркеу карточкасын толтыруыңыз қажет. «OTAU TV» жабдықтарын сатып алу және қосылу қызметі бойынша толық ақпарат алу үшін тұтынушыларды ақпараттық қолдаудың бірыңғай қызметіне келесі байланыс телефондары арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: «193» , + (727) 258 15 00.
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын азаматтар Ұлттық жерсеріктік телерадио хабарларын тарататын «OTAUTV» қызметіне қосыла алады ма?
«Қазтелерадио» АҚ (Ұлттық жерсеріктік телерадио хабарларын тарататын «OTAU TV» қызметі) тек қана Қазақстан Республикасы аумағында ғана қызмет көрсету құқығына ие.
«OTAU TV»-дің рұқсат картасы деген не?
Абонент дараландыратын және оған қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, Жабдықтармен ғана пайдаланылатын, кіріктірілген микропроцессоры бар пластикалық смарт-карта
Тегін топтамаға қалай қосылуға болады?
Тегін топтамасы аясында қызмет көрсетудің бастамасы, Жабдықты құрастыру, күйге келтіру және Абоненттің Тіркеу картасына қол қойылған күн қосылған күн болып табылады.
OTAU TV-ға қосылу (антенна, қабылдағыш, кәбіл және антеннаны орнату) қанша тұрады?
Антеннаның көлемі 90 см болса, Жерсеріктік «OTAU TV» телевизиясына стандартты орнату арқылы қосылуға, Қазақстандағы орташа нарықтық есеппен ұсынылатын бағасы 28 200 теңге.
«OTAUTV» жерсеріктік телерадио хабарларын тарату желісінің қамту аймағы қандай?
Ұлттық жерсеріктік телерадио хабарларын тарататын "OTAU TV" қызметі Қазақстан Республикасының барлық аумағы бойынша қол жетімді.
Арналар бойынша сұрақтар
Қазақстандық арналар кодталған ба?
"OTAU TV" Ұлттық жерсеріктік телерадио хабарларын таратудың барлық телеарналары кодталған түрде ретрансляцияланады, тек"OTAU TV Channel" арнасынан басқа.
Неге отандық арналар кодталған? Авторлық және сабақтас құқықтарды сақтау мақсатында, сондай-ақ, Ұлттық жерсеріктік телерадио хабарларын тарататын "OTAU TV"-ның телевизиялық арналарын заңсыз ретрансляциялауды болдырмау үшін "Қазтелерадио"АҚ телерадио бағдарламаларын ретрансляциялауды кодталған күйінде жүргізуге міндетті.
«OTAU TV Channel» ақпараттық арнасы туралы айтып беріңізші?
Ақпараттық арна - бұл абоненттер үшін және абонент болуға ниеттілер үшін Ұлттық жерсеріктік телерадио хабарларын тарататын «OTAU TV» жүйесінде болып жатқан барлық соңғы ақпараттарды алу мүмкіндігі болып табылады. Арна кодталмаған және еркін қолжетімді. Мұнда Сіз теле,- және радио арналар топтамасына кіретін арналар, қызметтерді төлеу жолдары, валюта бағамдары, күнделікті ауа райы болжамы, бір айға жұлдыз-жорамал, елімізде және шетелде болып жатқан жаңалықтар жайлы біле аласыз. «OTAU TV Channel» арнасында берілетін хабарлама-роликтер ерекше фильмдер жайында, спорттағы жарқын оқиғалар, музыка, балаларға арналған және танымдық арналар туралы уақтылы ақпарат береді.
Тегін арналар топтамасына облыстық арналарға қосымша аудандық, аймақтық телеарналар енгізіледі ме?
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 каңтарынан «Телерадио хабарларын тарату жерсеріктік жүйелері арқылы немесе отандық телевизия және радио бағдарламаларын тарату меншік нысанына қарамастан, Ережелерін бекіту туралы» №47-ші Шешіміне сәйкес «Тегін» топтамасының құрамындағы қазақстандық барлық теле- және радиоарналар Қазақстан Республикасы Үкіметімен құрылған отандық теле,- радио хабарларын тарату жөніндегі Комиссияның құзырында. Теледидар және радио арналарының тізімі конкурс арқылы қалыптастырылады және Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын тарату дамыту жөніндегі Комиссияның ұсынысы бойынша, Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітіледі.
Аудан орталықтарын радио хабарларын таратумен қашан қамтамасыз етесіздер?
Коммерциялық ТРК Қазақстан
Республикасында өз радиохабарларын тарату желісін өздерінің даму
жоспарлары арқылы дамытады. Қазіргі уақытта мұндай
ақпаратты
иеленбейміз.