(Аймақтар үшін)193
(Алматы қ. үшін) 2 581 500
Call-орталыққа тегін хабарласыңыздар

Тікелей эфирлерді, айдамаларды және телекөпірлерді қамтамасыз ету қызметі

Тікелей эфирлерді, айдамаларды және телекөпірлерді қамтамасыз ету қызметі

1. Қызметтердің сипаттамасы

Тікелей эфирлерді, айдамаларды (перегон) және телекөпірлерді қамтамасыз ету қызметі – шараларды өткізу орындарынан аса маңызды хабарлардың, тікелей қосылымдар мен бейне материалдардың телевизиялық сигналдарын жіберу үшін жерсеріктік ресурстарды ұсыну. Көрсетілген қызметтерді ұсыну мыналарды қолдану арқылы мүмкін:

  1. Телерадиокомпаниялардың жылжымалы таратқыш телевизиялық жерсеріктік станциялары;
  2. “Отау ТВ” жерсеріктік теле және радио хабарларын таратудың айдамалық арналары.

Қызметтерді қамтамасыз ету үшін KazSat-2, Intelsat 904 геостационарлық жерсеріктерінің ресурстары қолданылады.

Жерсеріктерді таңдау оларда тиісті техникалық сипаттамалары мен жабынның қажетті аймағы бар жалға алуға қолжетімді жерсеріктік ресурстардың бар болуына қарай жүргізілген.

Телерадиокомпаниялардың жылжымалы таратқыш телевизиялық жерсеріктік стансаларын қолдана отырып, қызметтерді ұсыну барысында «Қазтелерадио» АҚ-ның техникалық орталықтарында қолданылатын жабдықтардың құрамы:

  1. интегралдық қабылдағыш декодер: ProView;
  2. Е 4407В спектрінің талдағышы;
  3. жерсеріктік қабылдау-тарату антеннасы;
  4. LCD (LED) мониторы;
  5. SDI SD/HD кірісі бар телевизиялық және дыбыстық сигналдардың көп экранды мониторинг сервері;
  6. сплиттер L-band актив. 8 арналы, 75Ом LSO82150A2/DR;

“Отау ТВ” жерсеріктік телерадио хабарларын таратудың айдама арналарын қолдана отырып, қызметтерді ұсыну барысында «Қазтелерадио» АҚ-ның техникалық орталықтарында қолданылатын жабдықтардың құрамы “Отау ТВ” тікелей жерсеріктік телерадио хабарларын тарату қызметтерінің сипаттамасында келтірілген жабдыққа сәйкес келеді.

Телерадиокомпаниялар қолданатын жабдықтардың құрамы:

  1. жылжымалы таратқыш телевизиялық жерсеріктік стансалар;
  2. жерсеріктік қабылдағыштар (тұрмыстық, кәсіби);
  3. жерсеріктік антенналар.

Телерадиокомпаниялардың жабдықтарына қызмет көрсету, күйге келтіру және жұмыстар жүргізуді Телерадиокомпаниялардың тиісті персоналы жүзеге асырады.


2. Қызметтерді ұйымдастырудың сызбасы

Тікелей эфирлерді, айдамаларды және телекөпірлерді қамтамасыз ету қызметтерін ұйымдастырудың сызбасы 1 және 2 суреттерде келтірілген.

1-сурет. Телерадиокомпаниялардың жылжымалы таратқыш телевизиялық жерсеріктік стансаларын қолдана отырып, тікелей эфирлерді, айдамалар мен телекөпірлерді қамтамасыз ету қызметтерінің құрылымдық сызбасы.

2-сурет. Телерадиокомпаниялардың жылжымалы таратқыш телевизиялық жерсеріктік стансаларын қолдана отырып, тікелей эфирлерді, айдамалар мен телекөпірлерді қамтамасыз ету қызметтерінің сызбасы.

3-сурет. “Отау ТВ” жерсеріктік телерадио хабарларын таратудың айдамалық арналарын қолдана отырып, тікелей эфирлер мен айдамаларды қамтамасыз ету қызметтерін ұйымдастырудың құрылымдық сызбасы.

4-сурет. “Отау ТВ” жерсеріктік телерадио хабарларын таратудың айдамалық арналарын қолдана отырып, тікелей эфирлер мен айдамаларды қамтамасыз ету қызметтерін ұйымдастыру сызбасы.



3. Қолданылатын геостационарлық жерсеріктердің сипаттамалары

Intelsat-904 геостационарлық жерсерігінің негізгі сипаттамалары:

  1. тұрған нүктесі – шығыс ұзақтықтан 60 градус;
  2. орбитаның түрі - геостационарлық орбита;
  3. қолданылатын жиіліктік диапазон – Ku (Желі жоғары 14МГц -14,5МГц / Желі төмен 10,95МГц -11,7МГц);
  4. телевизиялық транспондерлердің ені – 36 МГц;
  5. қолданылатын полярлау – сызықтық (тік/көлденең);
  6. тиімді изотроптық сәуле таратқыш қуат - 52,6 дБВт;
  7. қолданылатын транспондерлер - 75, 77;
  8. қолданылатын сәуле – Spot 2;
  9. Қамту аймағы 5-суретте келтірілген. Жабын аймағы 3-суретте көрсетілген. Жабын аймағы – шегінде бөгеуіл болмаған жағдайда ғарыштық станса мен қажетті сапалы бір немесе бірнеше жер стансалары арасында радиобайланыс орнатылуы мүмкін, қуат ағынының белгіленген тығыздығы шамасының контурымен шектелген жер бетінің бөлігі;
  10. белсенді тіршілік мерзімі 12 жыл;
  11. жерсеріктік оператор - Intelsat Global Sales & Marketing Ltd компаниясы.

5-сурет. Intelsat-904 (Spot 2) геостационарлық жерсерігінің жабын аймағы.

KazSat-2 геостационарлық жерсерігінің негізгі сипаттамалары:

  1. геостационарлық орбитадағы тұрған нүктесі – шығыс ұзақтықтан 86,5 градус;
  2. орбитаның түрі - геостационарлық орбита;
  3. қолданылатын жиіліктік диапазон – Ku (Желі жоғары 14МГц -14,5МГц / Желі төмен 10,95МГц -11,7МГц);
  4. телевизиялық транспондерлердің ені – 54 МГц;
  5. қолданылатын полярлау – сызықтық (тік/көлденең);
  6. тиімді изотроптық сәуле таратқыш қуат - 53 дБВт;
  7. қолданылатын транспондер - Т15;
  8. Жабын аймағы 6-суретте көрсетілген. Жабын аймағы 3-суретте көрсетілген. Жабын аймағы – шегінде бөгеуіл болмаған жағдайда ғарыштық станса мен қажетті сапалы бір немесе бірнеше жер стансалары арасында радиобайланыс орнатылуы мүмкін, қуат ағынының белгіленген тығыздығы шамасының контурымен шектелген жер бетінің бөлігі;
  9. белсенді тіршілік мерзімі 12,25 жыл;
  10. жерсеріктік оператор - “Республикалық ғарыштық байланыс орталығы ” АҚ.

6-сурет. KazSat-2 геостационарлық жерсерігінің жабын аймағы.


4. Жерсеріктік байланыс арқылы телевизиялық және радиобағдарламаларды тарату қызметтерінің көліктік ағындарының параметрлері

Тікелей эфирлерді, бейне материалдарды айдауды және телекөпірлерді жүргізу үшін KazSat-2 геостационарлық жерсерік арқылы ұйымдастырылатын, Телерадиокомпаниялардың жылжымалы таратқыш телевизиялық жерсеріктік стансаларына арналған арналардың типтік параметрлері 1-кестеде келтірілген.

1-кесте. KazSat-2 геостационарлық жерсерігі арқылы ұйымдастырылатын, Телерадиокомпаниялардың жылжымалы таратқыш телевизиялық жерсеріктік стансаларына арналған арналардың типтік параметрлері.

№ р/р

Жерсерік

Транспондердің нөмірі

Транспондердің орталық жиіліктері, МГц

Полярлау

Транспондердің жолағы,

МГц

ТСЖҚЖ үшін каналдың типтік параметрлері

Ескерту

Стандарт

Бейнені сығу стандарты

Модуляция

FEC

Орналасқан жолақ, МГц

Жоғары желіде

Төмен желіде

Жоғары желіде

Төмен желіде

1

KazSat-2

Т15

14 468,75

11 668,75

H (көлд.)

V (тік)

54

DVB-S2

MPEG -4

8-PSK

5/6

6,6

Арнаның параметрлері Телерадиокомпаниялардың өтінімдерінде көрсетіледі


DVB-S

MPEG -2

QPSK

7/8

3,3

Intelsat-904 геостационарлық жерсерігінің 75,77 транспондерлері бағдарламалары топтамасының жалпы мультиплекстерінде “Отау ТВ” жерсеріктік телерадио хабарларын таратудың айдамалық арналары арқылы ұсынылатын арналардың параметрлері.

2-кесте. Intelsat-904 геостационарлық жерсерігі арқылы ұсынылатын айдамалық арналардың параметрлері.

№ р/р

Жерсерік

Транспондердің нөмірі

Жиілік, МГц

Полярлау

Орналасқан жолақ, МГц

Стандарт

Бейнені сығу стандарты

Модуляция

FEC

Символдық жылдамдық

SR, Мсим/с

Ақпараттық жылдамдық

IR, Мбит/с

Скремб-лерлеу

Арнаның нөмірі

Жоғары желіде

Төмен желіде

Жоғары желіде

Төмен желіде

1

Intelsat-904

75

14 355

11 555

V (тік)

H (көлд.)

36

DVB-S2

MPEG -4

8-PSK

3/4

30

66,843

NDS, Irdeto

236

2

77

14 435

11 635

V (тік)

H (көлд.)

36

DVB-S2

MPEG -4

8-PSK

3/4

30

66,843

NDS, Irdeto

237


5. Қызметтерді жүзеге асыру кезеңдері

5.1. Қызметтерді көрсету шарттарын жасау/бұзу.

Тікелей эфирлерді, айдамалар мен телекөпірлерді қамтамасыз ету қызметтеріне шарттарды жасауды / бұзуды коммерциялық блок жүзеге асырады.

5.2. Тікелей эфирлерді, айдамалар мен телекөпірлер жүргізу.

Тікелей эфирлерді, айдамалар мен телекөпірлерді жүргізу үшін ресурстар ұсыну Телерадиокомпанияларының “Қазтелерадио” АҚ-на бағытталған өтінімдерінің негізінде жүзеге асырылады.

5.3. Қызметтерді төлеу.

Актілерді дайындау және төлем үшін шоттарды ұсынуды жасалған шарттардың және хабар таратудың нақты көлемдерінің негізінде Коммерциялық блок жүзеге асырады. Төлем шарттары шарттарда ескертілген.

5.4. Жерсеріктік ресурсты жалға алу бойынша шығындарды өтеу.

KazSat-2 геостационарлық жерсерікте жерсеріктік ресурсты жалға алу бойынша шығындарды өтеу «Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті» РММ-мен жасалған шарттардың шеңберінде жүзеге асырылады. Қаражаттар 087 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен өтеледі.

5.5. «Облыстық телерадио хабарларын тарату дирекциялары» филиалдарының персоналдары орындайтын қызметтердің тізбесі:

  • Бір Телерадиокомпания үшін сигналды жеткізу бойынша іс-шараларды жүргізудің техникалық мүмкіндігін анықтау;
  • эфирге шығу кестелерін келісу;
  • жабдықты дайындау;
  • қабылданатын сигналдың коммутациясы;
  • іс-шараны жүргізілуін бақылау;
  • арнаны жабу, уақытты салыстыра тексеру, ескертулерді қабылдау.