(Аймақтар үшін)193
(Алматы қ. үшін) 2 581 500
Call-орталыққа тегін хабарласыңыздар

Компания туралы

«Қазтелерадио» акционерлік қоғамы – республика халқын телеарналар мен радиоарналар бағдарламаларын қабылдаумен қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасындағы эфирлік хабар тарату саласындағы ең ірі оператор. Жерсеріктік байланыс операторы «Қазақстан телекоммуникациялары» АҚ-мен бірігуі аясында «Қазтелерадио» АҚ бүкіл ел аумағын қамтып хабар тарату кепілдігін беретін Қазақстандағы эфирлік және жерсеріктік желілер арқылы телерадиобағдарламалар тарататын жетекші оператор атанды.

Басым бағыттар:

  • Эфирлік цифрлық теле және радио хабар тарату желісін енгізу мен дамыту;
  • Жерсеріктік телерадиохабар тарату ұлттық жүйесін дамыту;
  • Республиканың бүкіл аумағында техникалық жоғары сапалы теле және радиосигналдың үздіксіз қабылдау мүмкіндігімен қамтамасыз ету;
  • Мәлімет тарату қызметін ұсыну;
  • Телекөпір мен бейнеаралық өткізу бойынша қызмет ұсын у;
  • Ақылы негіздегі көпбағдарламалық жерсеріктік және эфирлік телеарналар көрсету қызметі бойынша Қазақстанда жетекші орынға шығу.

Мақсаттар

«Қазтелерадио» АҚ қызметінің 2012-2025 жылдарға басым бағыттарын айқындайтын негізгі мақсаттар:

  • Эфирлік цифрлық хабар таратуды енгізу үшін инфрақұрылымды дайындау,
  • Тұрғындарды эфирлік цифрлық телеарналармен қамту көлемін 2025-жылға қарай 98 пайызға жеткізу.
  • Халықты эфирлік радиохабар таратумен қамту көлемін ұлғайту,
  • Телерадиохабар тарату және мәлімет жіберу қызметтерінің тізілімі мен географиялық аумағын кеңейту.
  • Республикалық трансляция желісінің сенімділігі мен техникалық сапасын арттыру.
  • Аймақтардағы хабар таратуды дамыту.

Тапсырмалар

Жоғарыда атап көрсетілген мақсаттарға жету үшін келесі тапсырмалар анықталды:

  • Антенналық-мачталық қондырғылардың көпке төзуін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүзеге асыру.
  • Радиотехникалық жүйелерді электр тоғымен қамтамасыз етудің сенімділігін арттыру.
  • Телевизиялық және радио хабар тарату құрылғыларына жұмыс істеу үшін нормативтік климаттық жағдай жасау;
  • Цифрлық хабар тарату қондырғыларын орнату үшін антенналық-мачталық құрылғыларда өндірістік алаңдар мен орындар дайындау.
  • Мемлекеттік телерадиобағдарламаларды бастапқы бөлу жерсеріктік желісін резервтеуді ұйымдастыру.
  • Республикада телевизиялық хабар таратуды цифрлық стандартқа көшіру.
  • Қолданыстағы радиотехникалық стансаларға айрықша жоғары жиіліктегі қосымша радио хабар таратқыштарын орнату есебінен мемлекеттік радиохабар тарату бағдарламаларының транслияция желісін кеңейту.
  • Телерадио хабар тарату құралдарын басқару және мониторинг жасау жүйесін құру.
  • Жаңа буын телевизиялық және радио хабар таратуды іске қосып, ендіруді қамтамасыз ету үшін мамандарды оқыту.

ЦЭТВ жобасы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына енді. Осылайша, Республиканың цифрлық кеңістігін дамыту мен халықты ақпаратпен, оның ішінде мемлекеттік қызмет және отандық телерадиохабар тарату ақпарат көздеріне теңқұқылы қолжітімділікпен қамтамасыз етудің бір элементі болып отыр.