Омбудсмен
«Қазтелерадио» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) жұмыскерлерін құқықтық қорғауды қамтамасыз ету және Іскерлік этика кодексінің нормаларын сақтау мақсатында Қоғамға Омбудсмен лауазымы енгізілді.
Омбудсмен – «Қазтелерадио» АҚ Директорлар кеңесі тағайындайтын тұлға, оның рөлі Қоғамның өзіне жүгінген жұмыскерлеріне кеңес беру және еңбек дауларын, жанжалдарды, әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешуге, сондай-ақ, «Қазтелерадио» АҚ жұмыскерлерінің Іскерлік этика қағидаларын сақтауына көмек көрсету болып табылады.
«Қазтелерадио» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің шешіміне сай, Қоғам Омбудсменінің қызметтік міндеттері Дінмұхамед Әскербекұлы Қасеновке жүктелген.
Омбудсменнің сенім телефоны: +7 (7172) 55-84-44 (ішкі 1057).
Электрондық пошта: оmbudsman@kazteleradio.kz.
Сондай-ақ, Омбудсменге өтініштерді қағаз тасығышта 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Москва көшесі, 35 мекенжайына, конверттің (пакеттің) сыртына «Қазтелерадио» АҚ Омбудсменіне» деп жазып, жолдауға болады.
Ереже
Іскерлік этика кодексі