(Аймақтар үшін)193
(Алматы қ. үшін) 2 581 500
Call-орталыққа тегін хабарласыңыздар
Теле, -радиоарналар хабарларын тарату кезіндегі үзілістері Алматы қаласындағы лаңкестік қауіптің қызыл деңгейінің енгізілуіне байланысты емес
2016-07-18

«Қазтелерадио» АҚ Телерадио саласындағы ұлттық операторының 2016 ж. 18 шілдедегі теле, -радиоарналар хабарларын тарату кезіндегі үзілістері Алматы қаласындағы лаңкестік қауіптің қызыл деңгейінің енгізілуіне байланысты емес.

Бұрын, 15 шілдеде «Қазтелерадио» АҚ Телерадио саласындағы ұлттық операторы жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарына жабық сервиспен жоспарлы-алдын алу жұмыстары жүргізілетіні туралы хабарлаған болатын. Осыған байланысты, телеарна хабар таратуларының уақытша жоғалып кетуі мүмкін. Хабар таратулардың алдағы жұмыстары мен орын алуы мүмкін жаңылыстары туралы ақпарат компаниялардың барлық арнайы ресурстары мен БАҚ-та жарияланған болатын.

«Қазтелерадио» АҚ-да жоспарлы-алдын алу жұмыстары барлық теле,-радиоарналар мен уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарлану арқылы үнемі жүргізіліп отырады. Жоспарлы-алдын алу жұмыстары кезінде сервисті ұзақ уақыт өшіру мүмкіндігін ұсынатынын ескере отырып, аталған жұмыстар сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, бұл кезеңде және де техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар жүргізіледі.

Сондай-ақ, баспасөз хабарламасында «Қазтелерадио» АҚжоспарлы жұмыстарды Астана уақыты бойынша 18 шілде сағат 03:00-де бастап, 18 шілде 17:00-ге дейін аяқтайтынын хабарлады.

< Кері қайту