Ақпараттық хабарлама
2018-04-25
«Қазақстан Республикасындағы цифрлық хабар таратуды енгізу және дамыту» жобасы аясында ағымдағы жылы Солтүстік Қазақстан облысының радио және теледидар станцияларынан цифрлық эфирлік хабар таратуды (ЦЭХТ) енгізу жоспарланып отыр. Петропавл қаласында ЦЭХТ енгізу нәтижесінде тұрғындарға 30-ға жуық телеарна, облыс орталығынан алыс орналасқан елді мекендерде 15-ке жуық телеарна қолжетімді болады.
Аналогтық телеарна желісінде цифрлық технологиялық жабдықтарды орнатуға бойынша жүргізілетін монтаж жұмыстарына байланысты 24-сәуірден 16-мамырға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейінгі уақыт аралығында аналогтық теледидар мен радио хабарларын тарату сигналдары уақытша өшіріледі.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.