Жетісу облысының "Жаркент" РТС-нда жоспардан тыс жұмыстар жүргізіледі
2022 жылдың 23 желтоқсанында сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін (Астана қаласының уақытымен) Жетісу облысының «Жаркент» радиотелевизиялық станциясында телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдары өшіріліп, жоспардан тыс жұмыстар жүргізілетін болады. Сол себепті, ЦЭТВ-да «QAZAQSTAN», «Хабар HD», «Хабар 24», «BALAPAN», «ЕЛ АРНА», «Jybek Joly», «ABAI TV», «Первый канал Евразия», «Жетысу», «QAZSPORT HD», «МИР» телеарналары және «Qazaq radiosy», «Shalqar radiosy» радиоарналары уақытша өшіріледі.
«Қазтелерадио» АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Қоғамның Сall-орталығына мына нөмірлер бойынша хабарласа аласыз: 8 8000 800 193 (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін), +7 (727) 2 581 500. Сондай-ақ, abonent@otautv.kz электрондық поштасына хабарлама жіберуге болады.