Жаңалықтар

«Alatau» телеарнасы — ақпараттық-талдамалық телеарна өз шекарасын кеңейтуде.
«Alatau» телеарнасы — 1994 жылдан бері Қазақстанның бұқаралық ақпарат нарығында жұмыс істеп келе жатқан ақпараттық-талдамалық телеарна. 2023 жылдың сәуір айында ребрендингтен өтіп, жаңа атаумен және 16:9 заманауи форматында эфирге шықты.
Телеарна мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырып, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді қамтып, елдегі маңызды оқиғаларды жарыққа шығарады. Эфирде сапалы талдамалық бағдарламалар, өзекті репортаждар, сондай-ақ Қазақстан өңірлерінің тыныс-тіршілігін көрсететін жобалар ұсынылады.
Енді «Alatau» тек еліміздің ірі қалаларында ғана емес, сонымен қатар OTAU TV спутниктік телерадиохабар тарату желісі арқылы да көрермендерге қолжетімді болып, шынайы әрі маңызды ақпаратты әрбір қазақстандыққа жақындата түседі.
admin
0