Дилерге қойылатын талаптар
Дилерге қойылатын талаптар
Дилерге қойылатын міндетті талаптар
1) Заңдылық
Дилер заңды түрде (ҚР заңнамасында көзделген ресми түрде тіркелген ұйымдық-құқықтық нысанмен) Қазақстанның телекоммуникациялық нарығында жұмыс істеуі және қабылдау жабдығын құрастыру мен күйге келтіру бойынша жұмыстарды орындаудың білікті тәжірибесі болуы тиіс.
2) Жабдықты сертификаттау
Дилердің жабдықты жеткізуге ресми шарты болуы тиіс, қажет болған жағдайда мәміле төлқұжатымен, банк арқылы ресми төлеммен және кедендік құжаттарымен расталуы тиіс. Жабдық зауыт-өндірушіден шығуы туралы сертификатымен және Қазақстан Республикасының сәйкестік сертификатымен (егер бұл жеткізілетін жабдыққа қатысты заңмен көзделсе) расталуы тиіс.
3) Жабдық резервтері
Дилердің Қазақстандағы өз қоймаларында Абоненттің жабдығын кепілді алмастыруын қамтамасыз ету үшін, Абонент Өтінішін алған сәттен бастап 24 сағаттан артық емес мерзімінде сатылған жабдықтың жалпы көлемінен саны 3% кем емес жабдыққа қажетті жеткілікті резервтері болуы тиіс.
4) Сауда нүктесінің болуы
Дилердің Қазақстан Республикасы аумағында жекеменшік сауда нүктелері және оның құрамында Жабдық жиынтығы және істен шыққан жабдықты алмастыру үшін жинақтаушылары болуы тиіс.
5) Кеңсесінің болуы
Дилердің жеке компьютері мен телефон желісімен жабдықталған, аумағы 16 шаршы метрден кем емес жекеменшік/жалға алынған кеңсесі болуы тиіс.
6) Қызметкерлердің біліктілігі
Дилердің инженерлік-техникалық жұмыскерлері, маркетинг пен сатудың, сондай-ақ келесі операцияларды өз бетінше жүргізе алатын білікті кадрлары болуы тиіс:
- жерсеріктік ТВ жүйелеріне (күрделілігі жоғары жүйелер) жеке және ұжымдық қондырғыларын орнату;
- дилердің кабинетін абоненттердің әлеуетті өтініштерін тіркеу және дилермен қосылған абоненттердің статусын мониторингтеу үшін пайдалану;
- кеңес беру және қажет болған жағдайда серіктестіктерін немесе өзінің дилерлерін жерсеріктік ТВ қондырғылары бойынша оқыту;
- жерсеріктік ТВ жүйелеріне жобалық есептеулер жүргізу;
- жерсеріктік ТВ нарығына аналитикалық деректерді және қорытындыларды ұсына отырып, маркетингтік зерттеулер жүргізу;
- Оператордың талаптарына сәйкес маркетинг пен сату бойынша есептілікті қалыптастыру.
7) Материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Дилердің жабдықты клиентке жеткізу үшін қажетті көліктік құралдары және оны құрастыру мен күйге келтіру үшін бақылау-өлшеу жабдығы болуы тиіс.
8) Арнайы киімнің болуы
Абонентке қызмет көрсету бойынша шығуларды жүзеге асыратын Дилердің қызметкерлерінде Оператормен бекітілген:
- киімнің бірыңғай формасы;
- А.Ә.Т. жазылған, қызметкердің суретімен және Дилердің мөрі басылған қызметтік куәлігі болуы тиіс.
9) Диспетчердің болуы
Дилердің Абоненттер Өтініштерін қабылдау және шұғыл өңдеу үшін диспетчері болуы тиіс.
Дилерге ұсынылатын талаптар
1. Тәжірибенің болуы
Дилер Қазақстанның телекоммуникациялық нарығында 2 жылдан кем емес уақытта жұмыс істеуі керек және қабылдау жабдығын жеткізу бойынша және оны құрастыру, сондай-ақ күйге келтіру үшін жұмыстарды білікті орындауға қажетті тәжірибесі болуы тиіс.
2. Филиалдардың болуы
Дилердің кем дегенде үш өңірде филиалдары/өкілдігі болуы тиіс.
3. Сервис орталығының болуы
Дилердің Жабдықты жөндеу және қызмет көрсету бойынша сервис орталығы болуы тиіс.
4. Ресми web-сайттың болуы
Дилердің Оператормен көрсетілетін Қызмет шарттары, Абоненттерге Жабдықты сату және құрастыру жұмыстарының құны көрсетілетін, үнемі жаңартылып отыратын, жекеменшік web-сайты болуы тиіс.
5. Call-centre болуы
Дилердің Абоненттерді қабылдау және Өтініштерін шұғыл өңдейтін Call-centre болуы тиіс.