Дилерге арналған ақпарат

«Қазтелерадио» АҚ тармақталған дилерлік желі арқылы жерсеріктік телевидение қызметтерін іске асырады. Компания республикамыздың әрбір елді мекенінде өз қызметтерін ұсынуға мүдделі. Бұл міндетті біз дилерлерді тарту арқылы жүзеге асырамыз.

«Қазтелерадио» АҚ авторластырылған дилері болып – жерсеріктік телевидение қызметтерін жылжытуға және абонент жағындағы жерсеріктік жабдықты сатуға, орнатуға және қызмет көрсетуді жүргізу құқығымен иеленетін «Қазтелерадио» АҚ-мен жасасқан шарт негізінде әрекет ететін кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлға (ЖК, ЖШС) бола алады.

Дилер атану үшін біздің сайтта тіркелуге өтінім рәсімдеу қажет.

Бірлесе отырып біз тиімді де, өзара табысты ынтымақтастықты құра аламыз.

Толығырақ ақпаратты +7 (727) 2 581-500 немесе 193 телефондары арқылы CALL-CENTER-ге хабарласып біле аласыздар.