Жаңалықтар

«OTAU TV» арналарының тізіміне жаңа телеарна қосылды – «BІLІM TV» (№52). Арна 2025 жылғы 19 наурыздан бастап «Тегін» топтамасында қолжетімді.
BІLІM TV – Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын білім беру телеарнасы. Арнаның басты мақсаты – ел азаматтарына сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Телеарна контенті:
- Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру;
- Балалардың тәрбиесі мен дамуы, негізгі білім мен дағдыларды қалыптастыру;
- Интерактивті сабақтар, танымдық бағдарламалар мен оқыту жобалары;
- Педагогтерге арналған әдістемелік материалдар және ата-аналарға ұсыныстар.
BІLІM TV әр баланың жарқын болашағына сенімді қадам жасауына көмектеседі, заманауи білім беру шешімдері мен сапалы контент ұсынады.
admin
0