Жаңалықтар
Шығыс Қазақстан, Абай және Атырау облыстары ішінара цифрлық эфирлік теледидарға көшті

Шығыс Қазақстан, Абай және Атырау облыстары ішінара цифрлық эфирлік теледидарға көшті

2024 жылғы 31 тамыздан бастап сағат 12:00-де Шығыс Қазақстан, Абай және Атырау облыстарының елді мекендерінде аналогтық хабар таратуды өшіре отырып, цифрлық эфирлік теледидарға ішінара көшу өтті.
Жаңа буынның цифрлық телевизиясы көрермендерге көптеген жаңа мүмкіндіктер ұсынады:

  • Сигналды жоғары жылдамдықта жібереді
  • Арналар саны көбейеді
  • Сурет пен дыбыстың сапасы әлдеқайда жақсарады
  • Мультимедиялық қосымшалар, радио және электрондық хабарлар бағдарламасы болады
  • Субтитрлардың тілін таңдай аласыз және басқа да көптеген инновациялар ұсынылады
    Аналогты телевизиядан айырмашылығы, цифрлық сигнал кедергіге төзімді және шу мен бұрмалаусыз, тіпті елдің ең шалғай жерлеріне де беріледі! Шағын елді мекендерде енді 2-3 арнаның орнына – 15 арнаға дейін, ал облыс орталықтарында 30 арнаға дейін қабылдауға болады! Бұлардың бәріне электр энергиясы да аз тұтынылады.
    Болашақтың телевизиясына бүгін қосылыңыз және цифрлық эфирдің барлық артықшылықтарын пайдаланыңыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *